Жастардың құқықтық сауаттылығы – қоғам тұрақтылығының кепілі
«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Woosong Kazakhstan университетінің талапкерлеріне арналған ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті. Кездесу барысында талапкерлерге құқықтық жауапкершілік, қоғамдық ортадағы тәртіп нормалары және заң талаптарын сақтаудың маңыздылығы туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, Woosong Kazakhstan университетіндегі оқу үдерісінің толықтай ағылшын тілінде жүргізілетіні, халықаралық білім беру мүмкіндіктері мен талапкерлерге ұсынылатын академиялық бағдарламалар таныстырылды.
Іс-шара аясында қатысушыларға арнайы ақпараттық үнпарақтар таратылып, олардың пікірлері мен ұсыныстары тыңдалды. Сондай-ақ Жастар ресурстық орталығының мамандары жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар, білім беру және кәсіби даму мүмкіндіктері бойынша кеңес беріп, жан-жақты бағыт-бағдар ұсынды.
Бұл іс-шара жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, бірлік пен тұрақтылықты дәріптеу, заң талаптарын түсіндіру, қоғамдық тәртіпті сақтау мәдениетін қалыптастыру және құқықтық жауапкершілікті насихаттау мақсатында ұйымдастырылған Осындай ақпараттық кездесулер жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, азаматтық жауапкершілігін арттыруға ықпал етеді.

