Түркістандық студенттердің еңбегі еленді
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің білім алушылары Республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары (СҒЗЖ) конкурсына 88 ғылыми жұмыс ұсынып, нәтижесінде 20 ғылыми жұмыс жүлделі орынға ие болды. Бұл жетістік университетте ғылымның қарқынды дамып келе жатқанын және студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығы жылдан-жылға артып отырғанын көрсетеді. Студенттер жыл сайын өз жұмыстарын тапсырып келеді. Соңғы үш оқу жылының нәтижелеріне назар аударсақ, оң динамика анық байқалады. 2023-2024 оқу жылында университет студенттері 6 жүлделі орын иеленсе, 2024-2025 оқу жылында бұл көрсеткіш 8-ге жетті. Ал, 2025-2026 оқу жылында жүлдеге ие болған ғылыми жұмыстар саны 20-ға дейін өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 2,5 есе артты. Бұл университет тарихындағы ең жоғары нәтижелердің бірі саналып отыр. Аталған конкурс барысында университет білім алушылары еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының студенттерімен бәсекеге түсіп, өз зерттеулерінің өзектілігі мен ғылыми деңгейінің жоғары екенін дәлелдеді.
Республикалық конкурсқа университетте өткен студенттердің XXXIV ғылыми-теориялық конференциясында үздік деп танылған ғылыми жұмыстар жолданған. Білім беру бағдарламалары бойынша қатысқан білім алушылар мен олардың жетекшілері ІІ орын иеленді. Жүлделі орынға ие болғандарды атап өтсек, «7М01502 – Физика» білім беру бағдарламасы бойынша магистрант – Бақтыгүл Орынбасар, ғылыми жетекшісі – PhD Нұрдаулет Шектибаев. «6В02101 – Дизайн» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Айша Пернебаева, ғылыми жетекшісі – магистр, оқытушы Саяра Ергешова. «6В01512 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша студенттер – Зарина Мамуржанова мен Қаршыға Абидинов. Олардың ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Гульнара Сарбаева. «6В05201 – Геоэкология және табиғатты пайдалануды басқару» білім беру бағдарламасы бойынша үш бірдей студент – Ануар Талып, Ақерке Абай және Феруза Шарип. Ғылыми жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор Нұрлыбек Әбдімүтәліп. «7М01513 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша магистрант – Айжан Мұхан. Ғылыми жетекшілері – PhD, қауымдастырылған профессор Баян Тойжигитова және аға оқытушы Абылайхан Әзімбай. «6В01402 – Музыкалық білім» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Кәусар Қабылбек. Ғылыми жетекшісі – ҚР Мәдениет қайраткері, аға оқытушы Жамила Нурымбетова. Сондай-ақ келесі білім беру бағдарламалары бойынша қатысқан білім алушылар мен олардың жетекшілері ІІІ орынға ие болды. Атап айтсақ, «6В02202 – Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Аяна Сакен. Ғылыми жетекшісі – PhD, доцент Жахангир Нұрматов. «6В02202 – Дінтану» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Айша Құрбан. Ғылыми жетекшісі – PhD, аға оқытушы Фериде Камалова. «6В01402 – Бастапқы әскери және дене шынықтыру дайындығы» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Жүсіп Есентай. Ғылыми жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор Бағлан Ермаханов. «6В04112 – Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Ахмет Есентай. Ғылыми жетекшісі – магистр, оқытушы Балжан Демізақ. «6В04112 – Әлемдік экономика» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Ақмарал Алдашбек. Ғылыми жетекшісі – PhD, қауымдастырылған профессор Лесбек Тайжанов. «В013 – Биология мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Диана Мамирова. Ғылыми жетекшілері – PhD, қауымдастырылған профессор Баян Тойжигитова және PhD, қауымдастырылған профессор м.а. Ильяс Икрамов. «6В01619 – Тарих» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Хулкар Турсункулова. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Эльмира Зұлпыхарова. «В037 – Қазақ филологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Ләзиза Серік. Ғылыми жетекшісі – PhD Жанат Ергубекова. «6В01512 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша үш бірдей студент – Еркем Сейсен, Ханбибі Анаркул және Ұлжалғас Тұрсынбек. Ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Гульхан Жылысбаева. «6В01512 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша үш бірдей студент – Мейірбек Ибрагимов, Арслан Мырзатай және Даниел Мұстафа. Ғылыми жетекшісі – х.ғ.к., доцент Минаш Алтынбекова. «6В03104 – Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Несібелі Сұлтанбек. Ғылыми жетекшісі – PhD, доцент м.а. Рашид Тажибаев. «7М01513 – Биология» білім беру бағдарламасы бойынша магистрант Нұрғали Шәймерден. Ғылыми жетекшілері – т.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Ғани Исаев және аға оқытушы Төлеу Кәрімжан. «6В01416 – Көркем білім, графика және жобалау» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Гүлнәз Утепбаева. Ғылыми жетекшісі – п.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ержан Ауелбеков. «6В07102 – Электр энергетикасы» білім беру бағдарламасы бойынша студент – Нұрахмет Нысан. Ғылыми жетекшісі – магистр, аға оқытушы Оксана Меирбекова. Университет ұжымының жеңісті күндері әлі де көбейе түседі деп сенеміз.

