Түркістанда KoneBook жобасының қатысушыларымен кеш өтті
Түркістанда «Жазғы кітап FEST» жобасы аясында KoneBook жобасының қатысушыларымен бірлескен «Кітап – мәңгілік мұра, өшпес өнеге» атты мәдени-танымдық кеш өтті. Іс-шараның мақсаты негізгі мақсаты кітап оқу мәдениетін дәріптеуге, жастар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, мазмұнды бос уақыт өткізуге жағдай жасауға және оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттыруға, патриоттық сезімді арттыруға бағытталған.
Кештің ашылу салтанатында концерттік бағдарлама ұсынылып, көпшілік назарына әсем әндер шырқалып, күмбірлеген күй орындалды. Сондай-ақ қатысушылар қазақ ақындарының шығармаларын мәнерлеп оқып, әдебиеттің рухани құндылығын насихаттады. Мәдени кеш аясында қатысушылар бірнеше танымдық және шығармашылық алаңдарда бас қосып, «Ойна да, ойла!» интеллектуалдық QUIZ ойынында бақ сынады. Сонымен қатар саз балшықтан бұйым жасау, қолөнер және шығармашылық шеберлік сағаттары ұйымдастырылып, оқырмандардың шығармашылық қабілеттерін шыңдауға әрі кітапқа деген қызығушылығын арттыруға бағытталған мазмұнды жұмыстар жүргізілді. кітапханасы – кітап пен оқырманды тоғыстырған рухани мекен. Кітапханашының бір күні жайлы да таныстырылды. Олардың әр күні жаңа кітап, жаңа оқырман, жаңа әсерге толы. Кітаптарды реттеу, оқырманға бағыт беру, іздеген ақпаратын табуға көмектесу, мәдени іс-шараларды ұйымдастыру – мұның бәрі кітапханашының күнделікті еңбегі. Кітапхана білімнің, руханияттың және мәдениеттің ордасы болса, кітапханашы сол қазынаға бастар сенімді жолсерік болмақ дейді олар
Түркістан облысы мәдениет басқармасына қарасты «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара соңында белсенділік танытқан қатысушылар марапатталып, ерекше көзге түскен балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Мұндай мәдени-танымдық жобалар кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттап, жас ұрпақтың рухани дүниесін байытуға, шығармашылық ізденісін дамытуға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге өз үлесін қоса береді.


