Түркістанда жаңа заң талаптары түсіндірілді

Жаңа заң талаптарын түсіндіру мақсатында Түркістан қаласындағы Ыбырай Алтынсарин атындағы балалар кітапханасының қызметкерлеріне заңнамаға енгізілген негізгі өзгерістер мен толықтыруларға жан-жақты түсіндірме жүргізілді. Баяндама барысында заң талаптарының мақсаты, оның қызмет саласындағы маңызы, құқықтық нормалардың сақталуы және мекеме қызметінде тиімді жүзеге асырылу жолдары кеңінен сөз болды. Сонымен қатар жаңа талаптардың іс жүзінде қолданылу тәртібін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп, қызметкерлердің кәсіби қызметінде туындауы мүмкін мәселелер талқыланды. Жиын барысында қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап беріліп, заң талаптарын дұрыс әрі тиімді орындауға қатысты әдістемелік түсіндірмелер ұсынылды.

Кездесу соңында қызметкерлерге қолданыстағы заңнаманы қатаң сақтаудың маңыздылығы айтылып, құқықтық сауаттылықты арттыру бағытындағы мұндай түсіндіру жұмыстарының алдағы уақытта да жалғасатыны атап өтілді. Мұндай кездесулер тұрақтылық пен бірлікті сақтауға, әділдік пен ынтықтақты арттыруға ықпал етпек.