Түркістан тұрғындары Әлем чемпионатының финалдық ойынын бірге тамашалады

 

Спорт пен бұқаралық шаралар халықты біріктіретін, қоғамда ұйымшылдық пен достық рухын қалыптастыратын бірегей құрал екені белгілі. Түркістан қаласындағы еңселі «Түркістан Арена» спорт кешенінде футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының финалдық ойыны үлкен экраннан тікелей көрсетілді. Қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы мыңдаған жанкүйермен бірге финалдық тартысты кездесуді тамашалап, спорт сүйер қауыммен мерекелік атмосферада бірге болды.

 

Финалдық ойында Испания құрамасы Аргентина командасын қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңіп, 16 жылдан соң қайтадан әлем чемпионы атанды. Шешуші голды 106-минутта Ферран Торрес соқты. Биылғы әлем чемпионаты тарихта алғаш рет үш мемлекетте – АҚШ, Канада және Мексикада өтіп, оған рекордтық 48 құрама қатысқан болатын. Түркістандықтар үшін бұл кеш тек спорттық бәсеке емес, тұрғындардың басын қосып, бірлік пен достықты сезіндірген ұмытылмас рухани мерекеге айналды. Үлкен экран алдында жиналған жанкүйерлердің толағай эмоциясы шаһардағы спорттық мәдениеттің қарқынды дамып келе жатқанын айқын көрсетті.