Жаңа Конституция – ортақ құндылық, ортақ жауапкершілік

 

Түркістан ұаласында этномәдени бірлестік мүшелерінің қатысуымен «Бір Конституция – бір халық – бір тағдыр» тақырыбында салмақты дөңгелек үстел отырысы өтті. Жиынның негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Жаңа Конституциясының басты қағидаттарын кеңінен түсіндіріп, оның құқықтық мемлекет құрудағы, қоғамдық келісімді, ел ішіндегі татулықты және жалпыұлттық бірлікті нығайтудағы стратегиялық маңызын насихаттау болды. Кездесу барысында Ата заңымыздың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы берік орны талқыланды.

 

Жиында «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Эльмира Жанғазиева сөз сөйлеп, Конституцияға енгізілген басты өзгерістер мен заңнамалық жаңашылдықтарды егжей-тегжейлі түсіндіріп өтті. Қатысушылар еліміздегі тұрақтылық пен этносаралық татулықты сақтауда этномәдени бірлестіктердің қосатын үлесі ерекше екенін жарыса атап өтті. Басқосу соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, азаматтық жауапкершілікті арттыру, заң үстемдігін орнықтыру және қоғамдық келісімді нығайту бағытындағы бірлескен жұмыстарды одан әрі жандандыру жөнінде нақты ұсыныстар білдірді. Жаңа Конституция – ел болашағының берік тірегі.