Түркістан студенттері Азия чемпионатында жеңімпаз атанды

 

Спорттағы үлкен жеңістер – ел намысын арқалаған жастардың отаншылдық рухы мен қажырлы еңбегінің айқын жемісі. Индонезияның астанасы Джакарта қаласында World Boxing ұйымының ұйымдастыруымен өткен бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында Түркістан өңірінің студенттері жоғары шеберлік танытып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Қазақстан құрамасының U-23 санатындағы үш бірдей студенті ел абыройын абыроймен қорғап, жүлделі орындарға ие болды.

 

21 жасқа дейінгі қыздар арасында 75 келіде сынға түскен Шұғыла Нәлібай финалда Үндістан боксшысын 5:0 есебімен айқын жеңіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді. Ерлер арасында 75 келіде Аман Қонысбек қырғызстандық қарсыласын тізе бүктіріп, чемпион атанды. Ал 80 келіде бақ сынаған Өнер Сейілхан тартысты бәсекеде күміс жүлдеге ие болып, ел қоржынына тағы бір медаль салды. Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің мақтаныштарына айналған жас спортшылардың бұл жеңісі Түркістан жастарының биік рухы мен патриотизмін паш еткен айтулы оқиға болды. Олардың халықаралық додадағы бұл та табысы өскелең ұрпаққа үлкен шабыт береді.