Медиация – қоғамдық келісімнің маңызды тірегі

 

Түркістанда «Жаңа Конституция жағдайындағы медиация: қоғамдық келісімнің жаңа мүмкіндіктері» тақырыбында арнайы отырыс өтті. Жиынды Медиация кеңесінің төрағасы Бақытжан Бейсембаев жүргізді. Кездесудің басты мақсаты – Жаңа Конституция қағидаттарын түсіндіру, оның құқықтық мемлекет құрудағы, қоғамдағы өзара түсіністікті, әділдікті нығайтудағы және заң үстемдігін қамтамасыз етудегі рөлін насихаттау болып саналалы.

 

Жиын барысында Жаңа Конституция аясында медиация институтының азаматтардың заңды мүдделерін қорғаудағы және дауларды бейбіт жолмен шешудегі маңызы кеңінен талқыланды. Сондай-ақ, қоғамда дауласу емес, өзара мәмілеге келу мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылықты арттыру мәселелері көтерілді. Түркістан облыстық Медиация кеңесінің ұйымдастыруымен өткен отырыс соңында қатысушылар бейбіт диалог пен татулықты сақтауда медиацияның әлеуетін толық пайдалану, Конституциялық құндылықтарды халық арасында кеңінен түсіндіру бойынша бірлескен ұсыныстарын ортаға салды. Бейбіт диалог пен әділдік – тұрақты қоғамның басты кепілі.