Түркістан бүлдіршіндері ертегі кешіне қатысты

Түркістанда ерекше ертегі кеші өтті. Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты балалар кітапханасының оқу залына жиналған жас оқырман қарасы көп болды. «Ертегі тыңда, балақай» жобасы аясында балаларға арналған «Ер Төстік» және «Жақсылық пен жамандық» ертегілерін рөлге кіріп, дауыстап оқу шарасы ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалар әр ертегіні мұқият беріле тыңдады. Бұл шара балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттырып, сөйлеу мәдениетін, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етті. Бүлдіршіндердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын кеште ертегілер арқылы жас оқырмандар жақсылық пен әділдік, батылдық пен адамгершілік, бірлік пен ынтымақ секілді құндылықтардың мәнін түсінді.

Мазмұнды кеш қызықты әрі еркін форматта өтті. Нәтижесінде балалардың ертегіге деген қызығушылығы артып, көркем шығарманы мәнерлеп оқу дағдылары жетілді. Қатысушылар кейіпкерлердің іс-әрекеттерін талдап, жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге талпынды