Сарысу ауданының әкімі құрылыс нысандарының жай-күйімен танысты
Сарысу ауданының әкімі Сәкен Мамытов өңірдегі бірқатар маңызды құрылыс нысандарын арнайы аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен тікелей танысты. Сапар барысында әрбір нысанның қазіргі жағдайы, жүргізіліп жатқан құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен қарқыны жан-жақты тексерілді.
Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарының бекітілген жоспарға сәйкес жүзеге асуы, нысандардың белгіленген мерзімде толық аяқталуы және іргелес аумақтарды абаттандыру мәселелері ерекше назарға алынды. Құрылыс барысымен жіті танысқан аудан басшысы жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдеріне жұмысты аса жауапкершілікпен, сапалы жүргізуді және барлық қойылатын талаптарды қатаң сақтауды тапсырды. Жиын барысында әрбір нысандағы атқарылатын жұмыстардың сапасы мен уақытылы орындалуы әкімдіктің тұрақты бақылауында болатыны баса айтылды.

