Тақсай ханшайымының тарихи бейнесі заманауи сән үлгілерімен сабақтасты.

Көрсетілімде б.з.д. VI-V ғасырларға жататын Батыс Қазақстан символы және этностильдегі топтамалар ұсынылды. Creative Aimaq жобасы аясындағы Батыс Қазақстан облысының креативті жәрмеңкесіне 3 мыңға жуық адам келіп, өнімдердің сатылымы 5 млн теңгеге жетті. «Мария ханым» сән үйі, «AS_brands.kz» және «ДариЛили» сән орталықтары жаңа топтамаларын таныстырды.
Көрмеге 40-тан астам креативті шебер қатысып, қолөнер, зергерлік өнер, ағаш және тері өңдеу, ұлттық киім, бейнелеу өнері бағыттарындағы өнімдерін ұсынды. Бағдарлама Батыс Қазақстан облыстық камералық оркестрінің концертімен жалғасып, «Балбалтас баяны» және «Музей мұрасы» жобалары таныстырылды. Балаларға Нұрлан Сәдірдің «Долана» мультфильмі көрсетілді.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1DfFda1b4h/