АРМИЯДА АУҚЫМДЫ РЕФОРМА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде 14 әскери қызметшінің қаза болуына байланысты армиядағы жағдайға қатысты қатаң сын айтты.
Президент әскердегі жағдайды «жауапсыздық, салғырттық, көзбояушылық» деп сипаттап, қайғылы оқиғаға алып келген себептерді жан-жақты анықтауды тапсырды.
  •  Әскери қызметшілердің қауіпсіздігі бірінші орында болуы тиіс
  •  Қажетті жабдықтармен, соның ішінде құтқару кеудешелерімен қамтамасыз ету мәселесі қаралады
  •  Армияны цифрлық трансформациялау жоспарлануда
  •  Басқару жүйесі халықаралық тәжірибе негізінде қайта құрылады
  •  Көрсетілім үшін өткізілетін оқу-жаттығулар мен формалды есептерден бас тарту қажет
  •  Бюджеттің әрбір теңгесі қорғаныс қабілетіне жұмсалуы тиіс
  •  Басшылық қызметке тағайындау тәжірибе мен кәсіби құзыретке негізделуі керек
Президенттің айтуынша, «Біздің армия өткен ғасырда қалып қойды».
Қауіпсіздік Кеңесінің аппараты мен Қорғаныс министрлігіне 10 күн ішінде әскери реформаның нақты әрі кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын жоспарын әзірлеу тапсырылды.
Жоспар қазан айының екінші жартысында Қауіпсіздік Кеңесінің отырысында қаралады.
Негізгі мақсат — қолданыстағы жүйені жай ғана түзету емес, жаңа үлгідегі армия құру.
Атырау Казахстан facebook парақшасынан https://www.facebook.com/share/p/1ExpzdDqq8/