Сарысу ауданы әкімдігінде аппараттық кеңес өтті

Сарысу ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі Сәкен Мамытовтың төрағалығымен аппараттық кеңес болып өтті. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, қала және ауылдық округ әкімдері, сондай-ақ әкімдікке қарасты бөлім мен мекеме басшылары қатысты.

Кеңестің күн тәртібіндегі алғашқы мәселе ретінде «Ауыл шаруашылығы саласы бойынша ағымдағы жылдың 8 айында атқарылған жұмыстар туралы» аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Молдабековтің баяндамасы тыңдалды.

Жиын барысында көтерілген маңызды мәселелер бойынша аудан басшысы Сәкен Үмбетұлы бірқатар жауапты мекеме басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді. Алдағы атқарылар міндеттер айқындалған кеңес соңы әкімдік мәжілісіне ұласып, басқа да өзекті мәселелер қаралды.