Биліктің жаңа құрылымындағы мәслихаттар: өкілеттік пен ресурс артып, халық алдындағы жауапкершілік күшейеді

2026 жылғы 25 қарашада Қоғамдық саясат институты «Әділет» партиясының алаңында «TALQYLAU» диалог алаңының кезекті отырысын өткізді. Жиын «Сайлау–2026: биліктің жаңа құрылымындағы мәслихаттар» тақырыбына арналды.

Кездесуге сарапшылар, Құрылтай депутаттары, мәслихат мүшелері мен қоғамдық ұйым өкілдері қатысты. Олар алдағы мәслихат сайлауына орай жергілікті өкілді органдардың қоғамдағы орны мен алдағы міндеттерін талқылады.

Талқылаудың негізгі тақырыбы – мәслихаттардың рөлінің өзгеруі. Яғни, енді мәслихаттар халықтың мүддесін білдірумен қатар, өңірлерді басқару ісіне араласып, бюджет қаражатының қалай жұмсалатынын бақылап, тұрғындардың нақты мәселелерін шешуге атсалысуы керек.

Кездесуді Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Айдос Сарым жүргізді. Спикерлер ретінде Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаты Марат Шибутов, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры Индира Рыстина, саясаттанушы, тәуелсіз шолушы Талғат Қалиев сөз сөйледі.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының (ҚСЗИ), «Қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ-ның, Қазақстан Республикасы Президенттік орталығының, Мемлекет тарихы институтының, Парламентаризм институтының, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының сарапшылары қатысты. Сондай-ақ Қазақстан Халық Кеңесі Хатшылығының өкілдері, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университетінің оқытушылары, саяси шолушылар және Астана қаласы мәслихаты депутаттығына кандидаттар болды.

Өкілді билікті жаңартудың соңғы кезеңі

Жиынды ашқан «Әділет» фракциясының өкілі, Құрылтай депутаты Айдос Сарым мәслихаттардың жаңа кезеңде қандай міндеттер атқаратынына назар аударуды ұсынды. Оның айтуынша, мәслихаттардың атқаратын қызметі айтарлықтай кеңейген.

«Мәслихаттар – өңірлік және жергілікті деңгейдегі орган. Болашақ депутаттар ең алдымен жергілікті күн тәртібін, нақты елді мекендегі, аудандағы, облыс пен қаладағы ахуалды ескеруі керек», — деді Айдос Сарым.

2026 жылғы 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енді. Ауқымды реформалар аясында биыл жаңа Конституция бойынша референдум мен Құрылтай депутаттарының сайлауы да өткізілді. 23 тамыздағы дауыс беру қорытындысы бойынша бір палаталы парламент құрамына 145 депутат сайланды. Мәслихат сайлауы жергілікті деңгейдегі өкілді органдар жүйесін жаңарту ісінің соңғы кезеңі болмақ.

Құрылтай депутаты Марат Шибутов бұл сайлаудың ерекшелігіне тоқталып, «Бұл – жаңа Конституция бойынша өтетін мәслихаттардың алғашқы сайлауы», — деп атап өтті.

2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды. Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс сайлауды 29 қарашаға белгіледі.

Бұл жолы барлығы 3 447 депутат сайланады. Атап айтқанда, 20 облыстық мәслихатқа – 668, 38 қалалық мәслихатқа – 626, 170 аудандық мәслихатқа 2 153 депутат.

Өкілеттік пен ресурстар артады

«Әділет» фракциясынан Құрылтай депутаты Марат Шибутов жергілікті өкілді органдардың мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейгеніне назар аударды.

Ол келтірген мәліметтерге сәйкес, жергілікті бюджеттердің кірісі 2019 жылғы 6 039 951 теңгеден 2025 жылы 17 039 799 теңгеге дейін өскен. Бұл – 2,82 есе өсім. Ал бюджет шығыстары 5 950 203 теңгеден 16 743 019 теңгеге дейін жетіп, 2,81 есе артқан.

2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдаймен салыстырғанда, барлық мәслихаттың құзыретіне 13 жаңа өкілеттік қосылды. Бұдан бөлек, жаңа өкілеттіктер Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына – 4, Астана мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына – 3, облыстық мәслихаттарға – 1, аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарына – 4 өкілеттік бойынша берілді.

Спикердің айтуынша, заңда белгіленген мәслихат құзыреттерінің саны 18-ден 31-ге дейін өскен.

«Мәслихаттардың құзыреті артып келеді. Бұл әрбір депутаттың және мәслихаттардың өкілеттігі едәуір кеңейгенін білдіреді. Мәслихат депутаттары саяси тұрғыдан әлдеқайда маңызды тұлғаларға айналып келеді», — деп атап өтті Марат Шибутов.

Жергілікті өзін-өзі басқару – қоғамдық сенімнің негізі

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – сапаны қамтамасыз ету және ішкі бақылау жөніндегі проректоры Индира Рыстина жергілікті өзін-өзі басқарудың демократиялық институттарды дамытудағы рөліне тоқталды.

Мысал ретінде ол 2024 жылы 30 елде жүргізілген халықаралық сауалнаманың нәтижелерін келтірді. Зерттеу қорытындысы бойынша, жергілікті қауымдастықтарға деген сенім деңгейі – 49 пайыз, ал ұлттық институттарға деген сенім – 40 пайыз болған.

Оның пікірінше, мәслихаттармен қатар қоғамдық кеңестер мен әкімдіктер жанындағы консультативтік органдар да жергілікті институттарды дамытуда маңызды рөл атқарады.

«Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының дамуы елдегі кез келген саяси үдерістің дамуы үшін өте маңызды», — деп атап өтті Индира Рыстина.

Инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асуын депутаттық бақылау

Саясаттанушы Талғат Қалиев мәслихаттардың өңірлік көшбасшыларды қалыптастыратын алаң ретіндегі маңызын атап өтті. Оның айтуынша, мәслихат депутаттары сайлаушылармен тығыз байланыста жұмыс істейді және өздері өкілдік ететін аумақтың мәселелерін жақсы біледі.

Спикер келесі жылдан бастап Қазақстанның барлық өңірінде басталатын «Халықтық құрылыс» бастамасына ерекше назар аударды. Оның аясында көптеген инфрақұрылымдық нысан салынады.

«Олардың сапасын кім бақылайды, бөлінген қаражаттың мақсатты жұмсалуын кім қадағалайды?» — деді Талғат Қалиев.

Сондай-ақ ол партияларды мәслихат депутаттарымен жұмысты жандандыруға, жас саясаткерлерге арналған мектептер құруға және өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға шақырды.

Депутаттық сауалдан нақты нәтижеге дейін

Ашық пікірталас барысында қатысушылар мәслихаттардың жұмысын жаңғырту, депутаттарды даярлау және олардың атқарушы билікпен байланысу мәселелерін талқылады.

Мәслихатта жұмыс істеуде мол тәжірибесі бар «Әділет» фракциясының өкілі, Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Илья Теренченко жаңа шақырылымдағы мәслихаттар 2027 жылы жұмысын бастайтынын атап өтті. Келер жыл Жалпыұлттық құрылыс жылы болып жарияланған. Осыған байланысты ол мәслихаттарды жаңғырту жұмыстарын тоқтатпау керек екенін айтты.

«Әділет» фракциясының атынан Құрылтай депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бөріхан Нұрмұхамедов өңірлердің ерекшеліктерін ескере отырып, жергілікті билік құрылымын жан-жақты талдауды және саяси партияларға осы бағытта нақты бағдар беруді ұсынды.

29 қарашада әр сайлаушының дауысы алдағы бес жылда өңір тұрғындарының өмір сапасына тікелей әсер ететін шешімдер қабылдайтын органның құрамын анықтайды.

Анықтама

Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауы 2026 жылғы 29 қарашада сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін өтеді. Бұл жолы барлық деңгейдегі 228 мәслихаттың депутаттары сайланады. Сайлауға қатысу үшін 11 мыңға жуық кандидат тіркелген. Жеті саяси партияның барлығы сайлауға қатысады.

Астана, облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында депутаттардың жартысы партиялық тізім бойынша, қалғаны бірмандаттық округтерден сайланады. Ал аудандық және облыстық маңызы бар қалалардың мәслихаттарында депутаттар тек бірмандаттық округтер бойынша сайланады.

Өз сайлау учаскеңіздің мекенжайын GOV.KZ порталынан және eGov Mobile мобильді қосымшасынан білуге болады.

 

 

ПРЕСС-РЕЛИЗ

Маслихаты в новой архитектуре власти: больше полномочий, ресурсов и ответственности перед гражданами

25 ноября 2026 года Институт общественной политики провел заседание диалоговой площадки «TALQYLAU» на базе партии «Әділет» на тему «Выборы–2026: маслихаты в новой архитектуре власти».

Эксперты, депутаты Курултая, представители маслихатов и общественных организаций обсудили роль и задачи представительных органов местного уровня в условиях обновления политической системы Казахстана накануне внеочередных выборов депутатов маслихатов.

Ключевой темой дискуссии стало изменение роли маслихатов: от представительства интересов населения к более самостоятельному участию в управлении регионами, контролю за использованием бюджетных средств и решению конкретных проблем граждан.

Модератором встречи выступил депутат Курултая Республики Казахстан Айдос Сарым. В качестве спикеров приняли участие депутат Курултая Республики Казахстан Марат Шибутов, член Правления – проректор по обеспечению качества и внутреннему контролю Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева Индира Рыстина, политолог, независимый обозреватель Талгат Калиев.

В заседании приняли участие депутаты Курултая Республики Казахстан, эксперты Казахстанского института стратегических исследований при Президенте Республики Казахстан (КИСИ), НАО «Казахстанский институт общественного развития» (КИОР), Президентского центра Республики Казахстан, Института истории государства, Института парламентаризма, Института прикладных этнополитических исследований, представители Секретариата Қазақстан Халық Кеңесі, преподаватели Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева и Университета КАЗГЮУ имени М.С. Нарикбаева, политические обозреватели, кандидаты в депутаты маслихата г. Астаны.

Завершающий этап обновления представительной власти

Открывая заседание, депутат Курултая Айдос Сарым от фракции «Әділет» предложил сосредоточиться на том, чем должны будут заниматься маслихаты на новом этапе, отметив, что их функционал значительно увеличился.

«Маслихаты – это уровень региональный, это уровень локальный. Будущие депутаты должны учитывать именно местную повестку, настроение конкретного населенного пункта, конкретного района, области, города», — отметил Айдос Сарым.

С 1 июля 2026 года вступила в силу новая Конституция. В рамках масштабных реформ в этом году уже состоялись референдум по новой Конституции и выборы депутатов Курултая. По итогам голосования 23 августа в однопалатный парламент вошли 145 депутатов. Выборы в маслихаты завершают обновление системы представительных органов на местном уровне. Как отметил депутат Курултая Марат Шибутов: «Это первые выборы маслихатов по новой Конституции».

12 октября 2026 года Глава государства подписал Указ о досрочном прекращении полномочий маслихатов всех уровней. Центральная избирательная комиссия назначила внеочередные выборы на 29 ноября. Всего предстоит избрать 3 447 депутатов: 668 — в 20 областных, 626 — в 38 городских и 2 153 — в 170 районных маслихатах.

Больше полномочий и ресурсов

Депутат Курултая от фракции «Әділет» Марат Шибутов обратил внимание на существенное расширение возможностей местных представительных органов. По представленным им данным, доходы местных бюджетов выросли с 6 039 951 тенге в 2019 году до 17 039 799 тенге в 2025 году, то есть в 2,82 раза, расходы — с 5 950 203 до 16 743 019 тенге, в 2,81 раза.

По сравнению с 1 января 2019 года у всех маслихатов появилось 13 новых компетенций. Дополнительно новые компетенции получили маслихаты столицы, областей и городов республиканского значения (4), маслихаты столицы и городов республиканского значения (3), маслихаты областей (1), маслихаты районов и городов областного значения (4). По словам спикера, число компетенций маслихатов в законе выросло с 18 до 31.

«Компетенций становится больше. Это гораздо больше власти у каждого отдельного депутата и маслихатов в целом. Депутаты маслихата становятся гораздо более важными политическими субъектами», — подчеркнул Марат Шибутов.

Местное самоуправление как основа общественного доверия

член Правления – проректор по обеспечению качества и внутреннему контролю Евразийского национального университета имени Л.Н. Гумилева Индира Рыстина рассмотрела роль местного самоуправления в развитии демократических институтов. В качестве примера она привела результаты международного опроса 2024 года, проведённого в 30 странах: уровень доверия к местным сообществам составил 49%, к национальным институтам — 40%.

По её мнению, наряду с маслихатами важную роль в развитии местных институтов играют общественные советы и консультативные органы при акиматах.

«Развитие институтов местного самоуправления очень важно для развития любого политического процесса в стране» — отметила Индира Рыстина

Депутатский контроль за реализацией инфраструктурных проектов

Политолог Талгат Калиев обозначил значение маслихатов как площадки для формирования региональных лидеров. По его словам, депутаты маслихатов имеют самую прочную связь с избирателями и лучше знают проблемы своих территорий.

Особое внимание спикер уделил «народной стройке», которая начнётся со следующего года по всему Казахстану: будет построено огромное количество инфраструктурных объектов.

«Кто будет контролировать их качество, кто будет контролировать целевое использование этих средств?», — подчеркнул Талгат Калиев.

Он также призвал политические партии активнее работать с депутатами маслихатов, создавать школы молодых политиков и развивать горизонтальные связи между регионами.

От депутатского запроса — к конкретному результату

В ходе открытой дискуссии участники затронули вопросы модернизации маслихатов, подготовки депутатов и их взаимодействия с исполнительной властью.

Депутат Курултая от фракции «Әділет», член Комитета по финансам и бюджету Илья Теренченко, имеющий большой опыт работы в маслихате, отметил, что новый созыв маслихатов начнёт работу в 2027 году, объявленном Годом Всенародной большой стройки, а модернизацию маслихатов нельзя останавливать.

Депутат Курултая, член Комитета по финансам и бюджету от фракции «Әділет» Бурихан Нурмухамедов предложил детально проанализировать архитектуру местной власти с учётом региональных различий и задать партиям соответствующие ориентиры.

Голос каждого избирателя 29 ноября определит состав органа, который в течение пяти лет будет принимать решения, непосредственно влияющие на качество жизни в регионе.

Справочно

Внеочередные выборы депутатов маслихатов состоятся 29 ноября 2026 года с 7:00 до 20:00. Избираются депутаты 228 маслихатов всех уровней. Зарегистрировано почти 11 тысяч кандидатов, к участию допущены все семь политических партий.

В маслихатах столицы, областей и городов республиканского значения половина депутатов избирается по партийным спискам, половина — по одномандатным округам. В районных маслихатах и маслихатах городов областного значения депутаты избираются только по одномандатным округам.