Жамбыл облысының оқушылары жақсы оқып, BilimClass арқылы бонус жинай алады
Жамбыл облысының оқушыларына жақсы оқығаны үшін ақшалай бонус беріледі. Бұл мүмкіндік өңір мектептері қолданып жүрген BilimClass тегін білім беру платформасының бонустық бағдарламасында қарастырылған. Сондай-ақ балалар жол қозғалысы ережелеріне арналған викторинаға қатысып, MacBook ұтып ала алады.
Бүгінде BilimClass Қазақстанның 18 өңірінде қолданылады. Платформаны 3,6 миллион оқушы мен 380 мыңнан астам мұғалім пайдаланады. Осы көрсеткіштер BilimClass-тың еліміздегі білім беру саласында кеңінен таралған әрі ауқымды цифрлық шешімдердің қатарында екенін айшықтайды.
Қолданушылар BilimClass-ты не үшін таңдайды?
● Платформа мектептер, оқушылар мен ата-аналар үшін толықтай тегін.
● Қазақстанның білім беру жүйесіне арнайы әзірленген отандық өнім.
● Электрондық журнал, білім беру материалдары мен деректерді талдау құралдары бір платформада тоғысқан.
BilimClass мұғалімдердің күнделікті жұмысын жеңілдетеді. Үй тапсырмасын тексеру, есеп дайындау сияқты бірізді жұмыстарды автоматтандырады. Мектеп басшылығы платформа арқылы оқу үлгерімі мен білім сапасына қатысты мәліметтерді жан-жақты талдайды. Ал ата-аналар ыңғайлы мобильді қосымшадан баласының оқуын қадағалап, оның білім алуына көбірек көңіл бөле алады.
Оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттыру үшін де арнайы бонустық бағдарлама қарастырылған. Оның аясында 2–11-сынып оқушылары жақсы бағалары үшін айына 5 000 бонусқа дейін ала алады. Бағдарламаның пайдасы мұнымен шектелмейді. Балалар ақша жинауды, шығынын жоспарлауды және қаражатын ұқыпты жұмсауды үйреніп, қаржылық сауатын арттырады.
Бағдарламаға қатысу үшін ата-ана баласының атына Power Card картасын ашса жеткілікті. Оны банкке бармай-ақ, Freedom SuperApp қосымшасы арқылы рәсімдеуге болады.
Бұдан бөлек, 16 қарашадан бастап BilimClass платформасында Sergek Group компаниясымен бірлесіп ұйымдастырылған жол қозғалысы ережелеріне арналған республикалық интерактивті викторина өтіп жатыр. Оқушылар жол белгілері, жаяу жүргіншілерге арналған ережелер, автобуста өзін қауіпсіз ұстау және басқа да маңызды тақырыптар бойынша білімдерін сынайды.
Викторинаға қатысушылар арасында үш MacBook ноутбугі ойнатылады. Әр жас санатына бір ноутбуктен беріледі. Жеңімпаздар сұрақтардың 80 пайызынан астамына дұрыс жауап берген оқушылар арасынан кездейсоқ таңдау арқылы анықталады.
BilimClass – Қазақстандағы жетекші EdTech экожүйеBilim Group әзірлеген платформа. Компания 15 жылдан астам уақыт бойы білім беру технологияларын дамытып келеді. Оның цифрлық шешімдері мектепке дейінгі тәрбиеден бастап кәсіби дамуға дейінгі білім берудің барлық кезеңін қамтиды.

