АУДАН КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ «АШЫҚ» ПИЛОТТЫҚ ЖОБАСЫН ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

Әлемдік тәжірибені ескере келе Қазақстан «Ашық» жобасын іске қосты. Шектеу шараларына қарамастан жұмыс істеуге мүмкіндік беретін жобаны аймақ кәсіпкерлері белсенді түрде қолдануда.

Осы орайда, Т.Рысқұлов ауданы әкімінің орынбасары Әлібек Терлікбаев аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімімен біріге отырып аудан орталығында орналасқан қоғамдық тамақтану орындарында “ASHYQ” мобильдік қосымшасын іске қосу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Енді кәсіпкерлер карантинге қарамастан жаңа қаулы аясында  жұмыс жасай береді. Өйткені «Ashyq» мобильді қосымшасы іске қосылуда. Бұл пандемия кезінде бизнесі тұралап қалғандарға тиімді болмақ.

Ал «Ашық» жобасына қатысуға ниетті кәсіпкерлер «info.kazakhstan» сайты арқылы өтініш береді. Сонан соң, оларға арнайы QR код беріледі. Сәйкесінше әр кәсіпкерлік нысанның кіреберісіне QR код жүйесі орнатылады. Келушілер мобильді қосымшаны алдымен телефонға жүктеп, нөмірі бойынша тіркелуі тиіс. Кейін QR-кодты сканерлеп, ЖСН нөмірін енгізеді. Сол кезде 4 түстің біреуі жанады.

 

 

ПТР тест тапсырмасаңыз және вирус жұқтырмаған болсаңыз — КӨК түс, ПТР тест тапсырып, теріс нәтиже көрсеткен болса — ЖАСЫЛ жанады. Ал науқастармен байланыста болғандарға — САРЫ, коронавирус жұқтырғандарға — ҚЫЗЫЛ түс шығады.

«Ashyq» жобасы кәсіпкерлік нысандардың қайта жандануына мүмкіндік береді. Қосымшаны енгізудің негізгі мақсаты – коронавирус жұқтырған немесе онымен байланыста болған адамдардың қоғамдық орындарға баруының алдын алу, карантин кезінде азаматтардың індет жұқтыру қауіпсіз шағын және орта бизнес жұмысын қалпына келтіру.