Қарағанды облысында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің  2021 жылғы маусымының салтанатты ашылуы өтті.

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Халықаралық Жастар күнін мерекелеу аясында Жас мемлекеттік қызметшілер мектебінің 2021 жылғы маусымының салтанатты ашылуы өтті.

Жобаның мақсаты-Қарағанды облысы жастарының ең дарынды өкілдерін мемлекеттік қызметке тарту.

Ашылу салтанатында білім беру бағдарламалары мен тағылымдама кезеңінің жобалық сәттері мен кезеңдері қозғалды. Іс-шараның шақырылған спикерлері жұмыстың негізгі қағидаттары және мемлекеттік қызметші рөліндегі тезистер түсінігі туралы айтып берді.

 

 

Іс-шара аясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің басшысы Байханова А.Б., Қарағанды облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы Әлімжанов Б.Н., ҚР Президенті жанындағы   Мемлекеттік басқару академиясының Қарағанды филиалының директоры Байбосынов С.Б. құттықтау сөз сөйледі.

Ағымдағы жылы конкурстық іріктеуге жоғары оқу орындарының 2-4 курс студенттері, сондай-ақ Қарағанды облысының жоғары колледждерінің түлектері қатысты. Олардың 20-ы финалға дейін жетіп, жас мемлекеттік қызметші мектебінің тағылымдамадан өтушілері атағына ие болды.

 

 

Тағылымдамадан өтушілер үшін оқыту кейіннен мемлекеттік органдарда тағылымдамадан өте отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында интерактивті тренинг форматында өтетін болады.

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жобасы 2007 жылдан бастап жүзеге асырылуда.

 

 

Жас мемлекеттік қызметшілер мектебі жұмыс істеген жылдар ішінде 400-ден астам жастар өкілдері аяқтады, олардың ішінде көптеген түлектер бүгінгі күні мемлекеттік органдарда қызмет атқаруда.

 

                Жомарт Шаймұрат