Жуалы ауданының құтқарушылары құдыққа құлаған сиырды шығарды

Ағымдағы жылдың 14 мамырында Жуалы ауданының №7 өрт сөндіру бөліміне ағымдағы жылдың 14 мамырында Б.Момышұлы ауылында құдыққа құлап кеткен сиырды шығару үшін көмек сұраған хабарлама келіп түсті. Күштер мен құралдар шұғыл түрде оқиға орнына келіп жетіп, сиырды сыртқа шығару жұмыстарын атқарған.  Өрт сөндіруші-құтқарушылар өздерінің кәсіби шеберлігінің арқасында санаулы минуттар ішінде мүйізді ірі қараны дін аман құдық ішінен шығарды. Сиыр иесі өз тарапынан жедел келген құтқарушыларға шынайы алғысын білдірді.

Айта кету керек, мұндай сиырды құтқару жағдайы бір аптаның ішінде екінші рет тіркеліп отыр және дәл осы ауданнан. Жамбыл облысының құтқарушылары өз кезегінде барша облыс және қала тұрғындары мен қонақтарынан абай болуды еске салып,  төтенше жағдай туындағанда немесе өрт болған жағдайда жедел түрде «101» немесе «112» нөмірлеріне қоңырау шалу қажеттігін ескертеді.