Ерекше құрметпен зейнетке шықты

Байзақ ауданы, Сарыкемер ауылы №8 Өрт сөндіру бөлімінің өрт сөндіруші- құтқарушысы азаматтық қорғау кіші сержанты Есенқұлов Бакыт Әскербайұлын өрт сөндіру бөлімінің басшылығы мен сала ұжымы ұйыған отбасыдай  лайықты түрде зейнет демалысына шығарып салу салтанатын ұйымдастырды.

Бакыт Есенқұлов 1977 жылы Жамбыл облысы, Байзақ ауданында дүниеге келген. Азаматтық қорғау оргындарында 2004 жылдан бері қызмет атқарып, ол 20 жылға жуық  өз өмірін осы өрт сөндіру қызметіне арнап, әріптестерімен бірге бірнеше жанды тілсіз жаудан ажал тырнағынан арашалап қалды. Ол өзінің алғашқы енбек жолын дәл осы өзі зейнетке шыққан өрт сөндіру бөлімінен бастаған. Қызмет атқарған жылдары ол өзін әрдайым өз ісінің нағыз үздік маманы ретінде көрсетті. Ол үшін өрттерді сөндіру, адамдарды құтқару маңызды міндет болып қала бермек. Сондай-ақ жұмыс барысында бірнеше жас мамандарға үлгілі тәлімгер болды. Ол қызмет барысында әр түрлі сипаттағы көптеген ірі әрі ауқымды өрттер мен ТЖ-ды жоюға қатысқан оның басынан небір ауыр күндер өтті. Бакыт Әскербайұлы 2021 жылғы 26-шы тамызда Байзақ ауданындағы әскери қоймадағы жарылыс салдарынан зардап шеккен 48 өрт сөндіруші батырлардын бірі болып табылады. Ол, сол жарылыста көрсеткен қайсарлығы мен жанқиярлық батылдығы үшін  басшылық тарапынан «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» медалімен марапатталды. Сонымен қатар, өзі енбек атқарған жылдар ішінде түрлі сипаттағы марапаттарға ие болған. Айта кететін болсақ: III, II, I дәрежелі «Өртке қарсы қызмет органдарындағы мінсіз қызметі үшін» медальдарымен марапатталған.  Бақыт Есенкуловтың қызметте қандай денгейде жұмыс атқарғандығын оның басшылық тарапынан 52 рет марапатталған марапаттарына қарап-ақ аңғаруға болады. Бүгінде Бакыт Есенкулов ұйыған отбасының отағасы. Бір ұл, бір қыз тәрбиелеп отырған ұлағатты әке.

Өрт сөндірушілерді зейнетке шығарып салу рәсімі қарапайым жандар үшін өзіндік ерекшелігімен есте қалады. Ал осы жолы зейнетке шығарып салу рәсімі бұрынғыдан өзгеше болды. Барлық ұжымдастарымен қоштасып, өрт сөндіру көлігінің сиренасының сүйемелдеуімен өрт сөндіру бөлімінен шығып бара жатқан зейнеткер Бакыт Есенкуловты өрт оқпандарымен үстіне су шашыратумен шығарып салды. Осындай  кәсіби дәстүрмен  өрт саласының үздік ардагерлерінің бірі Бакыт Есенкулов құрметті демалысқа шықты. Осы саладағы белгілі маманды зейнетке шығарып  салу салтанатына Байзақ ауданының өртке қарсы  гарнизонының барлық қызметкерлері қатысты. Әріптестері өз тараптарынан өткен ісі жастарға өнеге боларлық Бакыт секілді азаматқа бейнеттің зейнетін татар қуанышына ортақтасып, отбасына бақыт, береке тілеп, ақ тілектерін жаудырды.

Бақыт Есенкулов өзімен бірге  жұмыс атқарған өрт сөндіру бөлімінің ұжымына осындай шараны жоғары денгейде ұйымдастырған жауынгерлік жолдастарына қызметтеріне табыс, мықты денсаулық, бастарына амандық тілей отырып алғыс білдірді. Жалпы өзіне көрсетілген сый, құрметке ризашылығын жеткізді.