Қазақстан Президенті Қ.К.Тоқаев 69 жасқа толды!

Естеріңізге сала кетейік, 2019 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ұжымы, қазіргі М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті өзінің ғылыми-шығармашылық әлеуетін пайдалана отырып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы сөз» атты кітабы туралы мақалалар жинағын дайындап, шығарды. Онда ол өзінің әкесі – Қазақстанға танымал жазушы Кемел Тоқаевтың қиын өмір жолы туралы баяндайды.
Дәл осы кітапта Қасым-Жомарт Тоқаевтың есімі кімнің құрметіне қойылғандығы туралы айтылған. Тоқаев «Әке туралы сөз» атты кітабында өзінің құрама есімінің бірінші бөлігін Қасым ағасы қойғандығын айтады. Араб тілінен аударғанда Қасым «әдемі, тамаша» дегенді білдіреді. Ал Қасым атын Жомарт деп жалғаған – анасы. Себебі, анасы баласын кең пейілді, жомарт азамат болып өссе екен деп армандады.
«Тектілік. Азаматтық. Тұлғалық» атты кітапты дайындауға және басып шығаруға бұрынғы ректор – педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков пен тарих ғылымдарының докторы, профессор Асқар Бегәділұлы Абдуалыдан бастап университеттің педагогтары, тарихшылары, филологтары, журналистері мен философтары қатысты. Кітапта Кемел Тоқаевтың күрделі де сан қырлы шығармашылық қызметі және оның жеке тұлғалық тұрғыдан қалыптасуы мен ұлы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтық, өмірлік ұстанымының қалыптасуына тигізген әсері туралы жазылған.
P.S. ТарМУ жоғары оқу орнының ұжымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан Алғыс хат алды. Президент сайлауынан кейін Тараз мемлекеттік университетінің ғалымдары сол кездегі ректор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Махметғали Сарыбековтың басшылығымен «Тектілік. Азаматтық. Тұлғалық» атты кітапты басып шығарды. Бұл жұмыс Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әке туралы сөз» кітабының негізінде жазылған және онда отбасының тарихы баяндалады, әкесі Кемел Тоқаевқа ерекше орын берілген. Басқа әдеби көздер де қолданылды. Қасым-Жомарт Кемелұлы мықты елдің ұлы, ел қайраткері, Мемлекет басшысы, Отанға және ұлттық дәстүрге адал тұлға ретінде сипатталған.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының Өңірлік коммуникациялар қызметі