ЖЕРЛЕСІМІЗДІ АЙТУЛЫ ЖЕҢІСІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Хошемин қаласында өтіп жатқан пара таэквондодан ашық Азия чемпионатында ел мақтанышы, жерлесіміз Өмірәлі Нышан күміс жүлдегер атанды.

Айтар болсақ, ашық Азия чемпионаты Вьетнам Социалистік Республикасының Хошемин қаласында 22 — 27 тамызы аралығында өтуде. Азия біріншілігінде ел намысын бес спортшы қорғайды. Олар Н.Айдарбеков, Н.Домбаев, К.Досмалова, М.Мукашев және біздің Ө.Нышан.
ЖЕРЛЕСІМІЗДІ АЙТУЛЫ ЖЕҢІСІМЕН ШЫН ЖҮРЕКТЕН ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі