Луговой ауылында «Асарлатып үй салу» жобасы аясында көп балалы отбасының арманы орындалды

«Асарлатып үй салу» жобасы аясында Луговой ауылында көп балалы отбасы баспаналы болды. 10 баланы тәрбиелеп отырған отбасының арманын орындауға жергілікті әкімдік пен ауылдың жанашыр азаматтары ат салысқан.
✅“Өмір бойы жұмыс істесе де дәл осындай үй сала алмайтындар бар. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, осы ауылдың азаматтарына алғыс айту керек. Ел жиналып осындай үй салып берді.Бұның тәрбиелік мәні зор. Негізі жобаның екі мақсаты бар. Бірі — мұқтаж отбасыларға үй салып беру, екіншісі — адамдардың бір-біріне деген сыйластықтарын арттыру,-деді облыс әкімі Нұржан Нұржігітов.
Үйдің құрылысы ағымдағы жылдың наурыз айында басталып, небәрі 4-5 айда толық аяқталып біткен. Ауызбіршілігі мол ауыл тұрғындары қажетті үй жиһаздарыменде жабдықтап беріпті.
❗️Баспана кілтін табыстау рәсіміне халық көп жиналды. Жаңа үйге ие болған көп балалы ана осындай қайырымды істің басында жүрген азаматтарға өз ризашылығын білдіріп, аналық алғысын айтты. Тіпті қуаныштан көзіне жас алып, мұндай баспанаға қол жеткізу арман болғанын айтады.

Жамбыл облысы ішкі саясат басқармасының өңірлік коммуникациялар қызметі