ЖАҢА АСФАЛЬТ ЖОЛ АУЫЛДАРДЫҢ АРАСЫН ТОҒЫСТЫРМАҚ

 

Кез — келген көлік жүргізушінің діттеген жеріне аман есен жетуі — басты мақсат болып табылады. Бүгінде ауданымыздың инфрақұрылымын жақсартуға, жолдардың сапасын арттыруға айрықша көңіл бөлініп келеді.

🔰Осы орайда,
Жамбыл облысының облыстық маңызы бар «Тараз — Аса — Ақкөл — Саудакент» автомобиль жолының 156-167,425 шқ аралықтарын орта жөндеу жұмыстары жүргізілу басталды.

🔰Мердігер «Тараз көлік жолы» ЖШС жүзеге асырып отырған аталмыш жобаның жалпы құны — 715 691,0 мың теңгені құрайды. Құрылыс жұмыстарын қыркүйек айында бастау жоспарланған. Ағымдағы жылға қарастырылған қаржысы 518, 4 миллион теңге. Нысан 2026 жылға өтпелі болып табылады, Дегенмен, жұмыстарды толық аяқтау көзделуде. Тапсырыс беруші Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы құрылыс нысанын бақылауда ұстауда. Қазіргі таңда 8 шақырым автомобиль жолы жөнделді.

🔰- Ұлы Жібек жолын тоғыстырып, облыстық маңызы бар жолдың жөнделуі расында ауданымыз үшін жақсы жаңалық болатыны рас. Осынау игі іске мұрындық болған облыс басшылығына алғысымыз шексіз, — дейді ауыл тұрғындары.
Ұлбике Әлібекқызы, Сарысу ауданы ішкі саясат бөлімінің басшысы