АУЫЛ ӘКІМДЕРІ АСТАНАДА БАС ҚОСТЫ
Мемлекеттік саясатты сапалы іске асыруда «AMANAT» партиясы ауыл әкімдерін қолдауды назардан тыс қалдырған емес. Елмен бірге жақын болып жұмыс жасайтын әкімдердің қызметі қашан да маңызды.
🔰Бүгін арайлы Астананың төрінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің алғашқы республикалық диалог-платформасы өтті.
🔰 Келелі кездесуге Жамбыл облысынан 121 ауыл, ауылдық округ және аудандық маңызы бар қала әкімдері қатысып, тәжірибе алмасты. Аталмыш шараға ауданымыздан 1 қала және ауылдық округтен делегаттар аттанған болатын.
Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы


