ЗАҢ МЕН ТӘРТІП ҚАҒИДАТЫ САҚТАЛУЫ ТИІС

 

«Заң мен Тәртіп» жобасы аясында аудандық прокуратураның ұйымдастыруымен бүгін қалалық әкімшіліктің мәжіліс залында ашық алаң өткізілді. Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Жанғозы Жаркенов, аудан прокуроры Елдос Әмірхан, аудандық полиция бөлімінің бастығы Ринат Оразбайұлы, Жамбыл облыстық Нотариаттық округінің нотариусы Қалдыкүл Аликулова, мекеме және бөлім басшылары мен қала тұрғындары қатысты.

🔰Жиын барысында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң тәртібін сақтау және жастар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері талқыланды. Тұрғындарға заңды білудің маңыздылығы айтылып, бірқатар мәліметтер берілді. Кездесу соңы сұрақ — жауаппен ұласып, ұсыныс — пікірлер айтылды.

Дариха Үмбетиярова, Сарысу ауданы