Өңдеу өнеркәсібі: 147 жоба іске асырылып, 18 мыңнан астам жұмыс орны құрылды

Елімізде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім биыл да жалғасын тапты. Он айдың қорытындысы бойыншаметаллургия саласында 0,7%, машина жасаусаласында 11,5%, химия өнеркәсібінде 10,9%, құрылыс материалдары өндірісінде 5,3% өсімбайқалды. Нәтижесінде өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асып, 5,8%-ға өсті.

Мемлекет басшысы биылғы Жолдауында өңдеуөнеркәсібіне жаңа серпін беру керектігін атапөткені белгілі.

«Экономиканы әртараптандыруды тың қарқынмен жалғастыру керек. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті, терең өңделген өнім шығаруға басымдық берілуі тиіс», деді Президент.

Үкімет осы бағытта бірқатар ірі жобаларды іске асырып жатыр. Сонымен қатар саланыцифрландыруда да нақты нәтижелер бар.

Атап айтқанда, биылғы он айдың қорытындысыбойынша өндіріс көлемі 24 трлн теңгеден асып, 5,8%-ға өсті.

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігініңмәліметінше, саланың дамуына іске қосылғанжобалар айрықша ықпал еткен көрінеді. Жылсоңына дейін 1,5 трлн теңгеге 190 жобаны іске қосужоспарланып отыр. Ал бүгінгі күнге дейін 147 жоба жүзеге асырылып, 18 мыңнан астам жұмысорны құрылған.

«Олардың қатарында қытайлық Chery, Changan, Haval, Tank брендтерінің жеңіл автокөліктеріншығаратын, тамақ өнеркәсібіне арналғаналюминийден жасалған қаптамалар, тұрмыстықтехника, болат құбырлар және тоқымаматериалдарын өндіретін ірі жобаларды атап өтугеболады. Жаңа өндірістерді қолдауда мемлекеттікдаму институттарының рөлі зор екенін атап өткенжөн. 2022 жылдан бастап, жеңілдетілген несиемен 116 жоба қаржыландырылды. Бұл мақсатқабюджеттен 500 млрд теңгеден астам қаражатбөлініп, ол нарықтан тартылған қаражатпенмикшерлеу арқылы 700 млрд теңгеге дейін артты. Нәтижесінде радиаторлар, автокомпоненттер, шұлық бұйымдары, лак-бояу жәнегеосинтетикалық материалдар өндірістері іскеқосылды», – деді Өнеркәсіп және құрылысминистрі Ерсайын Нағаспаев.

Сондай-ақ Министр ішкі өңдеуді дамытуға ықпалететін тиімді шаралардың бірікәсіпорындарғашикізатты жеңілдікпен ұсыну туралы айтты.

Ірі өндірушілер алдымен ішкі нарықты шикізатпен қамтамасыз етіп, содан кейін ғана экспортқа лицензия алады. Қазірде бұл механизм мыс, алюминий және мырыш металдарына қолданылыпжатыр.

Саланы цифрландыру да – күн тәртібіндегі негізгімәселенің бірі. Бұл жұмыс қазір негізгі екі бағытбойынша іске асырылып жатыр. Біріншісіөндірістің цифрлық трансформациясы. Бұл бағытөндіріске тікелей цифрлық шешімдерді енгізудіқамтиды. «Өткен жылдың қорытындысы бойыншацифрлық технологияларды енгізгенкәсіпорындардың үлесі 12,9%-дан 19,2%-ға өсіп, саны 390-нан 1 073-ке дейін өсті», – дейді министр.

Министрліктің хабарлауынша, тау-кен металлургия саласында роботтардың виртуалды көшірмелері, өндіріс алаңдарынан жиналған үлкен деректердіөңдеу, компьютерлік көру технологиялары жәнероботтанған жабдықтар қолданылады. Химия өнеркәсібінде ресурстарды жоспарлау жүйелері, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етуқұралдары белсенді енгізілуде. Машина жасауда виртуалды оқыту жүйелері, бөлшектерді 3D-сканерлеу және жасанды интеллект технологиялары қолданылады.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысыныңтапсырмасына сәйкес жасанды интеллект технологияларын енгізудің Жол картасы әзірленген. Осы Жол картасының шеңберінде«СарыарқаАвтоПром», «Қазфосфат», «Qarmet», «Қазцинк», ERG сияқты ірі кәсіпорындарда 41 жоба жүзеге асырылып жатыр.

Цифрландырудың екінші бағыты  мемлекеттікреттеу мен қолдау құралдарын қамтиды. Ол мемлекеттік қолдау шараларын автоматтандырумен жүйелеуді, мониторинг пен бақылаудықамтамасыз ету, сондай-ақ бизнесті қолайлыцифрлық сервистермен қамтамасыз етуді көздейді.

Қазір деректерді жинауды, сақтауды және талдауды, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарарасындағы ақпараттық өзара әрекеттесудіқамтамасыз ететін Өнеркәсіптің ұлттық ақпараттықцифрлық экожүйесі қалыптастырылу үстінде. Жүйенің негізгі компоненттері кезеңмен іскеқосылады.

Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылардыңсатып алу қызметін талдауға мүмкіндік беретінTizilim ақпараттық жүйесі жұмыс істейді. Онда 6 мыңнан астам тапсырыс беруші мен 900 отандықөнім өндіруші тіркелген. Сондай-ақ, келесі жылданбастап мемлекеттік қолдау шараларыныңтиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін Отандықтауар өндірушілерінің реестрі пайдалануға беріледіекен.