Astana Finance Days 2026 аясындағы Creative Pitch Day нәтижесі
100-ден астам өтінім, іріктеуден өткен 34 жоба және инвесторларға өз жобаларын таныстырған 19 финалист — Astana Finance Days 2026 аясындағы Creative Pitch Day нәтижесі. Қазылар алқасының мүшесі ретінде кино, музыка, геймдев және цифрлық контент саласындағы жобаларды бағалауға қатыстым. Creative Pitch Day креативті кәсіпкерлер мен инвесторлар арасында тікелей байланыс орнатуға бағытталған инвестициялық алаң болды. Финалистер өз жобаларын таныстырып, бизнес-модель, монетизация, зияткерлік меншікті қорғау, инвестиция тарту және халықаралық нарыққа шығу бағыттары бойынша кәсіби кері байланыс алды.
Сессия барысында креативті жобалардың инвестициялық тартымдылығы үшін зияткерлік меншік құқықтарының қорғалуы, нарықтағы нақты сұраныс, түсінікті монетизация моделі және өнімді масштабтауға қабілетті ұжымның болуы негізгі шарттар екенін атап өттім. Мұндай алаңдардың маңызы — перспективалы креативті жобаларды инвесторлармен тікелей байланыстырып, жеке капитал тартуға және олардың нарықтағы мүмкіндіктерін кеңейтуіне жол ашады.
Ерлан Каналимов facebook парақшасыанан https://www.facebook.com/share/p/18KWfcUugT/






