Бүгінде цифрлық платформалар креативті контентті ілгерілетудің негізгі арналарының біріне айналды.

Осы мүмкіндіктерді қазақстандық креаторлар үшін кеңейту мақсатында Yandex Qazaqstan-мен ынтымақтастықтың жаңа бағытын бастадық. Құжатқа Yandex Qazaqstan атынан Владимир Горбуновпен бірге қол қойдық. Компания Қазақстан аумағында «Яндекс Музыка», «Яндекс Книги» және «Кинопоиск» сервистерін ұсынады.
Ынтымақтастық аясында білім беру және акселерациялық жобалар, шеберлік сабақтары, дәрістер мен сараптамалық сессиялар өткізу жоспарлануда. Негізгі бағыттар — цифрлық технологиялар, контент, ілгерілету, өнімді дамыту және заманауи бизнес-тәжірибелер. Басты міндетіміз — креаторларға цифрлық платформалардың мүмкіндіктерін тиімді пайдалануға, кәсіби деңгейін арттыруға және өз контентін кең аудиторияға ұсынуға қажетті практикалық құралдар беру.
Ерлан Каналимов facebook парақшасынан