ЖАМБЫЛДАҒЫ МЕКТЕПТЕРДІҢ 130 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫСЫ ҮЙІРМЕГЕ БАРАДЫ

Жамбыл облысындағы 76 мектептен тыс мекемелерде қосымша білім берумен 67 796 бала қамтылған. Оның ішінде 10 музыка мектебі, 2 балалар көркемөнер мектебі, 15 өнер мектебі, 6 техникалық шығармашылық орталық, 2 экологиялық, 8 аула клубы, 2 туризм орталығы, 20 балалар-жасөспірімдер орталығы бар.

 

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында облыс әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов айтты. Ол 2020 жылы Жамбыл ауданында «Техникалық шығармашылық және кәсіби білім беру» орталығы ашылғанын жеткізді. Былтыр желтоқсан айында Шу ауданында 600 орындық «Оқушылар сарайы» білім алушыларды қабылдаған.
©️©️©️
«Биыл мамыр айында Тараз қаласындағы «Мектептен тыс жұмыс және балалар шығармашылық» орталығына қосымша ғимарат құрылысы аяқталып, «Бақытты болашақ» оқушылар сарайы болып атауы ауысып, пайдалануға берілмек. Облыстағы 36 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 25 126 бала түрлі спорт секцияларымен қамтылған. Жалпы білім беретін мектептерде 132 044 оқушы қызығушылықтары бойынша үйірмелердің әр түрімен шұғылданады», — деді спикер.
Жалпы, 2021-2022 оқу жылында облыс бойынша қосымша білім берудің барлық түрлерімен қамтылған оқушылардың үлесі 83,7%-ды құрайды.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі