ЖАМБЫЛДА «АРТСПОРТ» БАҒДАРЛАМАСЫ ТОҚТАМАЙДЫ, ЖАЛҒАСАДЫ – ЕРЛАН КАЛКЕЕВ

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде Мемлекеттік спорттық тапсырыс операторы Калкеев Ерлан айтты. Ол аймақта қосымша қажеттілікті қаржыландыру бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Тиісті бюджеттік өтінім министрлікке және облыстық бюджеттік комиссия қарауына ұсынылған.
©️©️©️
«Қаржы жетіспеушілігінен туындаған мәселелерді шешу мақсатында облыс әкімі ата-аналармен, қызмет көрсетуші өнім берушілермен кездесу өткізді. Осы орайда облыс әкімі хаттамалық бірқатар тапсырмалар берді. Соның ішінде мемлекеттік спорттық тапсырыс бойынша қызмет көрсететін өнім берушілердің жұмысын бақылау мақсатында мониторингтік топ құрып, 2 апта бойы зерделеу жұмыстарын жүргізу тапсырылған болатын. Зерделеу тобы белсенді ата-аналардан құралып, өз жұмысын бастады. Зерделеудің алғашқы нәтижелері бірқатар кемшіліктерді анықтады. Атап айтқанда, қазіргі таңда зерделеу нәтижесімен кейбір өнім берушілер өз жұмысын тоқтатқан. Заңсыз жұмыс жасаған өнім берушілердің ваучерлері қысқарады. Ваучерлермен жұмыс істеп жатқан өнім берушілердің қызметі жыл бойы зерделенетін болады», — деді спикер.
Ерлан Фрунзебайұлы «АртСпорт» бағдарламасының тоқтамайтынын, одан әрі жалғасатынын жеткізді. Бұл бағдарламаға қаржы жергілікті бюджет есебінен қарастырылады. Алайда, облыс бюджеті шектеулі болғандықтан бұл шығындарға лимит қойылады және де қазіргі таңда қосымша ваучерлер берілмейді.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі