ЖАМБЫЛДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚ ҚЫЛМЫСТАРЫ 37 ПАЙЫЗҒА ТӨМЕНДЕДІ

✅Бұл туралы ӨКҚ баспасөз алаңында аймақтағы Криминалдық полиция басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Юсупов Мақсат айтты. Ол өңірдегі интернет-алаяқтық деректері толық ашылғанын да атап өтті.
©️©️©️
«Жыл басынан интернет-алаяқтықпен айналысқан 10 азамат ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылды, олардың 4-і басқа облыстардың тұрғындары болды. Сондай-ақ, алаяқтықтардың шет мемлекеттерден жасаған фактілері де жеткілікті, бұл бағытта Бас Прокуратура мен ІІМ-нің арналары арқылы тиісті сауал-сұраныстар жолданған», — деді спикер.
Мақсат Мүсрепбекұлының сөзінше, Жамбыл облысы аумағында орналасқан банк өкілдерімен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, интернет-алаяқтықтың алдын алу шаралары қарастырылды.
©️
Өңірлік коммуникациялар қызметі