БИЫЛ ЖАЙЫЛМАДА 15 ЖОБА ІСКЕ АСАДЫ

Биыл Мемлекет басшысының Жарлығымен әкімдердің халықпен кездесулерін ұдайы өткізу тәртібі бекітілді.
Осы ретте бүгін аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев Жайылма ауылдық округінің тұрғындарымен кезекті кездесу өткізді.
Басқосуда аудан басшысы жыл басынан бергі ауданның негізгі көрсеткіштерін санмен сөйлетіп, ағымдағы жылы ел игілігіне берілетін жаңа нысандарды атап өтті.
«Біздің мақсатымыз – елмен тығыз араласу, халыққа мемлекет қолдауын кеңінен жеткізу.
​Өңірдегі өзекті мәселелермен танысып, оны шешу бойынша шаралар қабылдау. Жыл басынан бері ауылдық округке жұмыс сапарымен 3-ші рет келіп отырмын. Ауылдағы саяси ахуал тұрақты, экономикалық өсім қалыптасқан. Мемлекеттік бағдарламалар да сәтті іске асырылуда. Ауылдық округте ағымдағы жылы 228,9 млн. теңгеге 15 жоба іске асады», — деді Марат Қырғызәліұлы өз есебінде.
Жиын соңында аудан әкімі Жайылма ауылдық округінің әкімі Жандарбек Смағұловқа мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын жобаларды мерзімінде іске асырылуын қамтамасыз етіп, қаржының толық игерілуін бақылауға алуын, мемлекет тарапынан берілетін грант, жеңілдетілген несие, ауыл шаруашылығы техникаларын алу, тағы да басқа мемлекеттік бағдарламаларды ауыл тұрғындарына кеңінен насихаттау жұмыстарын жүргізуді тапсырды.
Сарысу ауданы әкімдігінің Баспасөз қызметі