ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ҚҰРАМАСЫ XII ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗ

Дүбірлі дода Жоғарғы және Бірінші лига командалары арасында өрбіген болатын.
 Жоғарғы лигада Нұр-Сұлтан қаласы, Қызылорда, Түркістан, Атырау, Қарағанды және жарыс қожайындары Жамбыл облысы құрамалары кім мықтыны анықтаса сәйкесінше Бірінші лигада Ақтөбе, Алматы, Алматы, БҚО Қостанай, Маңғыстау, СҚО, Павлодар облыстары және Шымкент қаласы бақ сынады.
 Жарыс қорытындысы бойынша Алматы облысы Бірінші лиганың жеңімпаздары атанып, Жоғарғы лигада өнер көрсету құқығына ие болса, екінші орын Маңғыстаулықтарға бұйырды, қола жүлде Шымкенттік құраманың еншісінде.
♦️Жоғары лиганың ойындары нәтижесі бойынша Жамбыл облысы құрамасы үздік атанды, күміс медаль Түркістандықтарда, ал үздік үштікті Атыраулық команда түйіндеді.
 Айта кетейік, осымен көкпардан Жамбыл облысы құрамасы Қазақстан Республикасы чемпионатының XII ДҮРКІН ЖЕҢІМПАЗДАРЫ атанды.
____________________