Мемлекеттік қызметшілердің заңнамаларды бұзу деректері едәуір азайған

Жыл басынан Жамбыл облысында мемлекеттік қызметкерлерге  171 тәртіптік жаза қолданылған. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 32,2%-ға азайып отыр (өткен жылдың І тоқсанында 252 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылған).

Жаза алғандардың басым көпшілігі 63,5%-ы (108 қызметкер) жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне тиесілі. Қалған 63 жаза орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттерінің  қызметкерлеріне қолданылған.

Берілген тәртіптік жазалардың 102-і «ескерту», 46-ы «сөгіс», 13-і «қатаң сөгіс», 10-ы «қызметіне толық сәйкес еместігі туралы ескерту»  түріндегі жазалар.

Жазаға тартылғандардың 55-і басшы, 116-ы  өзге мемлекеттік лауазым атқаратын мемлекеттік қызметшілер.