Н. Нұржігітов: Шаруаларды сумен қамтуда ешқандай кедергілер болмауы тиіс

Жиынға «Қазводхоз» РМК бас директоры Алтай Елжасов, директор кеңесшісі Хамит Биімбетов, жобаларды талдау және іске асыру бөлімінің жетекші инженері Әділет Қансеитов, «Қазсушар» РМК облыстық филиалалының директоры Қазбек Бедебаев және салалық басқарма басшылары қатысқан жиында су нысандарындағы жөндеу-құрылыс жұмыстарын аяқтау мәселелері талқыланды.

Қазбек Бедебаев облыс аудандарында Еуропалық қайта құру және даму банкінің  ирригациялық каналдарды, су бұру жүйелері мен құрылыстарды қайта жаңғырту жұмыстары бойынша 34 нысанда жұмыстар жүріп жатқанын жеткізді.

— Жобаларды іске асыру барысында 34 жобаның 30-ын түзету бойынша бірқатар мәселелер анықталды, оның ішінде 10 жоба бойынша мемлекеттік сараптаманың қорытындысы алынса, 4 жоба мемлекеттік сараптаманың қарауында, 1 жоба мемлекеттік сараптаманың порталына енгізілуде, 12 жоба түзету барысында, 3 жоба түзету жұмысын қажет етпейді,-деді ол.

Сондай-ақ, филиал басшысы жұмысы тоқтап тұрған нысандар мен мердігерлер туралы айтып өтті.

— Вегетациялық кезеңде су беру үздіксіз жүргізілуі керек. Шаруалардың сұранысын қанағаттандыру маңызды. Өткен жылы вегетациялық кезең оңай болмағанын еске салды. Бұл жолы шаруалар қиындық көрмеуі үшін өткен қателіктермен жұмыс жасаңыздар, -деп ескертті облыс әкімі.

Нұржан Нұржігітов әрбір жауапты мердігермен әр нысанның мәселесін жеке талқылап, мерзімінде орындалмау себептерін тыңдап, міндеттемелерді тез арада жүзеге асыруды тапсырды.

Аймақ басшысы барлық жұмыстар жыл соңына дейін кем дегенде 90 пайызға аяқталуы тиіс екендігін айтып, жауаптыларға нақты тапсырмалар жүктеді.

Жиында су қоймалардың толтырылу барысы, суармалы судың берілу мәселесі де қаралды.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ербол Жиенқұлов жауын-шашынның жиі түсуі нәтижесінде шаруалардан әзірге ешқандай шағым жоқ екеннін жеткізді.

Қоймалардың сумен толу деңгейі қазіргі таңда 85-90 пайызды құрайды.

Кеңестің қорытындысымен су қоймаларының қысқы-көктемгі мерзімдерге дайындығын бақылауда ұстау, Еуропалық Даму банкі арқылы жасалып жаткан жобалардың түзету жұмыстарын жедел аяқтау, барлық мүмкіндікті пайдалана отырып, вегетациялық кезеңге қажетті су қорын қалыптастыру, қолда бар су қорын тиімді әрі үнемді пайдалану мәселесі бойынша шаралар қабылдау бойынша тапсырмалар берілді.

Жамбыл облысы әкімдігі