Жаңаталап ауылдық округіндегі Тасарық каналының 16 шақырымы арнайы тазаланған

Облыс әкімінің қолдауымен Жаңаталап ауылдық округіндегі Тасарық каналы арқылы жайылымдық және шабындық жерлерді сумен қамтамасыз ету, санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықты сақтау мақсатында 16 шақырымы тазаланып, су тасталды.
Нәтижесінде, Жаңаталап ауылдық округі маңындағы 800 гектар алқаптағы 3 көлшіктер (Бекен-жарма, 2-ші және 3-ші ) суға толды.
10 мың гектар аймақта жайылатын 300 бас жылқы, 700 бас мүйізді ірі қара және 6000-нан астам қой-ешкінің және округтегі шаруа қожалықтардың 3 атар малы да шілденің аптап ыстығында осы төңіректен су ішеді.
Ондағы ажырық шөп пен белді бойлаған жантақтың шығымы жақсы.
Алдағы уақытта да жауапкершілігі мол жұмысты жалғастырып, су арнасын көбейту жоспарлануда.
Ауызбіршілігі мығым ауылдың өрістегі малына жасалған жағдай оң нәтижесін беріп отыр.

Марат Сұлтанғалиев, Сарысу ауданының әкімі