Ұстазды құрметте!

Бір дәрісте отырғанда Қожа Ахмет Яссауи бір қарияны көріп қалды. «Ұстазым келе жатыр», — деп орнынан қарғып тұрды да, қарияға жүгіріп барып амандасты. Шәкірттері : Әзірет Сұлтанды ұлық әулие, Түркінің пірі деп жүрсек, қайдағы бір диуананы ұстаз деп жүгіріп жүргені несі ?, — деген ойға қалды. Яссауи бабамыз мұны сезеді. Қайтып келгесін бір мүриді: Тақсыр, бейтаныс қарияның не кереметі бар ? Неге жүгіріп бардыңыз? — деді. — Бұл қарт, маған қабаған итті күшік кезінен айыруды үйретіп еді. Сол үшін ұстаз санадым. Жүгіріп барып құрмет көрсеттім. Бұл сендерге үлгі болсын. Өмір жолында қиқымдай нәрсе үйреткен кісіні ұстаз деп төбеге тұтуды үйреніңдер. Ұстазын ұмытқанды Тәңірім де ұмытады, — деді.
Яссауи феномені.