Өңірдегі өзекті мәселелер қаралды

Сарысу ауданының әкімі Марат Сұлтанғалиевтің төрағалығымен ақпараттық кеңестің күн тәртібінде жер, құрылыс жұмыстарының барысы, дайындалған жобалық-сметалық құжаттардың қазіргі жағдайы және елді-мекендердің сәулеттік келбетін жақсарту, жеке тұрғын үй құрылысын салу, елді мекен шегінен өтеулі жалдау құқығымен берілген жер учаскелерінің игерілуі, аудандағы бұқаралық спорт нысандарының жағдайы, 2022 жылдың І жартыжылдығында құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында атқарылған шаралар барысы кеңінен талқыланды.
Кеңестің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы бойынша баяндамалар жасалып, атқарылған жұмыстардың нәтижесі айтылды.
Атап айтсақ, жалпы аудан бойынша биылғы жылға 72 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізілу жоспарланса, оның ішінде, бүгінгі күнге 10 нысан пайдалануға берілген.
Сонымен қатар қаланың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында Жаңатас қаласында 22 жоба эскиздік жобалары әзірленіп, жобалардың барлығына эскиздің құжаттары дайындалған.
Тұрғын үй мәселесі бойынша қазіргі таңда Жаңатас қаласы бойынша тұрғын салу үшін жер учаскесін алуға кезек қалыптастырылған. Жаңатас қаласы бойынша бүгінгі күнге жер кезегінде 977 адам тіркелген.

Көркем Асқар