ҰЛАНЫМЫЗ ҰЛЫ ЕЛДІҢ

Бабаларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ұлы даланың Ұлттық ұланы елдіктің туын жықпай келеді.
«Мен Мемлекет басшысы ретінде өскелең ұрпақтың болашағына баса мән беремін. Жастарға зор үміт артамын.
Жастарымыз атқарылып жатқан ауқымды жұмыстың, реформалардың игілігін міндетті түрде көреді. Олардың арасында көзі ашық, көкірегі ояу, ойы ұшқыр азаматтар аз емес.
Біз өскелең ұрпаққа жол ашу үшін барлық жағдайды жасауымыз керек»-деді ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев.
Осы бағытта Талас ауданындағы білім бөлімінде бірқатар ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Атап айтсақ бүгін «Ұланымыз ұлы елдің!» атты «Жас Ұлан» оқушыларының аудандық форумы өтті
Талас ауданы білім бөлімі Балалар мен жасөспірімдер орталығының ұйымдастыруымен Балалар өнер мектебінде <<Ұланымыз ұлы елдің!» атты Жас Ұлан біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы көшбасшылары арасындағы аудандық қабылдау форумы жоғары деңгейде ұйымдастырылғаны көрініп тұрды.
Форумға мен және Білім бөлімінің әдіскерлер кабинетінің меңгерушісі Д.Нұрболтаев, Білім бөлімі әдіскері С. Сағынбекова, ҚР депутаты, Жамбыл облысының Құрметті депутаты, Талас ауданының Құрметті азамат ардагері Б.Тоқтыбаев, Аудандық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Қ.Нұрпейісов және де мектеп директорлары қатысты.
Құрметті азаматтардың құттықтау сөздерімен қатар мектеп тәлімгерлері мен белсенді Жас Ұландықтар марапатталды.
Форум барысында Д.А.Қонаев атындағы мектеп оқушылары әдеби-монтаж оқыса, Балалар мен жасөспірімдер орталығының мың бұралған бишілері «Батырлар» биін билеп шықты.
Аудан мектептерінен қабылдауға 5 сынып оқушылары алынып, ант оқылып, салтанатты түрде галстук, төсбелгілері тағылды.
Мектеп Лицей оқушыларының орындауындағы «Жас Ұландықтар» әнімен форум өз мәресіне жетті.

 

Мақсат Арапұлы Қазанғапов