IQanat: ауыл балаларын қанаттандырған жоба
«Таланттар ауылдан шығады» деген бұрынғының сөзі бүгін де маңызын жоя қойған жоқ.
Тек, ауыл балалары назардан тыс қалмай, тиісті қолдау тапса, биіктен төбе көрсетері анық.
Бұған Президент ерекше мән беріп, қала мен ауыл арасындағы білім сапасының алшақтығын қысқартуды бақылауында ұстап отыр.
Соның ішінде көпбалалы және тұрмысы төмен отбасыларда өсіп жатқан балалардың да қатарынан қалмай, мемлекеттің қолдауын барынша сезінуі маңызды.
Президент пәрменімен ауыл балаларын қолдауға арналған жан-жақты іс-шаралар қолға алынып, нәтижесінде талай талант анықталып, олардың қабілеті мен дарынын одан әрі дамытуға зор мүмкіндіктер жасалып жатыр.
Дарынды баланың бойынан табылатын асыл қасиеттердің өмірге құштарлықтың, биік ізгіліктің, бәрінің кілті – мыңды жығатын білімде.
Білімді, ізденімпаз жастар көбейіп, адамзат игілігіне үлес қосып жатса, олар ұлтымыз үшін мақтаныш, еліміз үшін абырой.
Елімізде қала мен ауыл мектеріндегі білім сапасының деңгейі салыстуға келмейтіні жиі айтылады.
IQanat бағдарламасы ауыл балаларына қандай мүмкіндіктер бермек?
Осы бағдарлама арқылы балалар жақсы білім алып, білікті маман атанып, сол проблемаларды шешуге ат салысса дейміз.
Бүгін аталмыш жоба Қаратау қаласында орналасқан М.Әуезов атындағы орта мектебінде болып, Талас ауданы бойынша 325 оқушы қамтылды.
IQANAT олимпиадасының мақсаты — Қазақстандағы ауылдық мектеп оқушыларына олардың таланттарын ашуға және лайықты білім алу мүмкіндіктерін табуға көмектесу.
«IQanat» олимпиадасы ауыл балаларына өте үлкен мүмкіндік ұсынады. Ауыл балаларының арманына қанат бітіреді.
Бүгінгі қатысқан барлығына сәттілік тілеп қайттым.