Жануарлар ауруларының алдын алу шарасы жан-жақты жүргізілуде
Ауданда жануарлар ауруларының алдын-алу бойынша 2023 жылға арналған ветеринариялық іс-шаралардың жоспарына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылып келеді.
Аусылға қарсы 42 700 бас мүйізді ірі қара (МІҚ), 275 мың бас қой-ешкі, жоспарға сәйкес толығымен екпеден өткізілді.
Сібір жарасына қарсы 28 600 бас мүйізді ірі қара (МІҚ), 275 мың бас қой-ешкі, 8 000 бас жылқы, 2 850 бас түйе және 50 бас шошқа екпеден өткізілді.
Диагностикалық зерттеулер бойынша:
Жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикаcы бойынша 2023 жылдың жоспарына сәйкес, 413 494 бас (45 570 МІҚ, 364 964 қой-ешкі, 10 шошқа, 700 жылқы, 1 750 түйе) және 500 бас иттен сарып ауруына қарсы қан сынамаларын алу жұмыстары жүргізілуде.
Бруцеллез ауруына қарсы 36 046 бас мүйізді ірі қара (МІҚ) және 273 731 бас қой-ешкі тексерілді. Бруцеллезге оң нәтиже көрсеткен 7 МІҚ және 23 бас уақ малдар арнайы мал сою алаңдарында сойылып, қайта өңдеуге жіберілді.