НАҚТЫ ТАПСЫРМАЛАР БЕРІЛДІ

Аудан әкімі Бақыт Қазанбасовтың төрағалығымен әкімдікке қарасты бөлімдердің жұмыстарын үйлестіру туралы кеңес өткізілді.
Аудан аумағында жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын дұрыс үйлестіріп, жыл соңына дейін аяқталуын қамтамасыз ету, 2023-2024 жылдардағы жылыту маусымының тұрақты өтуіне және қазандықтардың кедергісіз жұмыс істеуін бақылауға алып, зерделеу жұмыстарын жүргізу, қатты дауыл салдарынан орын алған кемшіліктерді жою, ретке келтіру туралы тиісті бөлім басшыларына тапсырмалар жүктелді.