ТҮРКІСТАН: БИЫЛ ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА 65684 ГЕКТАР ЖЕРГЕ ЕГІН ЕГІЛМЕК
Көктемгі дала жұмыстарына 1 агроқұрылым «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ арқылы 30 млн. теңге және 3 шаруа қожалығы «Ырыс МҚҰ» ЖШС арқылы 22 млн. теңге несие алып,жұмыс істеуде.
Бұдан бөлек, облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына орай 1 алқаптан 2-3 өнім алу бойынша 105 бірлік жоба іске асып, 17 жаңа жұмыс орындары ашылған.
Биыл минералды тыңайтқыштар алу заңнамасына өзгерістер енгізілуіне байланысты агроқұрылымдарға тиісті түсіндіру жұмыстарын жүргізу нәтижесінде шаруашылықтар сатып алған тыңайтқыштары бойынша www.qoldau.kz арқылы облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына өтінім тастап, 50 пайыз субсидиялауға қол жеткізіп отыр.
«КазАзот» АҚ арқылы жеңілдетілген бағамен берілетін тыңайтқышқа агроқұрылымдардан 1141,8 тонна минералды тыңайтқышқа өтінімдер түсіп, келісім-шарт түзіп, бүгінгі күнге 895 тоннасы алынып, жұмыстар жүргізілуде.
Сондай-ақ, тамшылатып суғару технологиясы 35 гектарға, суармалы жердің көлемі 80 гектарға, жылыжай көлемі 0,2 гектарға, қарқынды жеміс-жидектің көлемі 35 гектарға артып, ауылшаруашылық техникалары 4 бірлікке жаңаланған.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі