Түнгі Тараз құлпыра түсті*

Тараз қаласында бекітілген «Дизайн кодқа» сәйкес түнгі безендіру жұмыстары жүргізілуде.

Әуежайдан бастап, облыс орталығының батыс, шығыс қақпалары жарықтандырылды. Тәуке хан, Төле би, Абай көшелерінің бойындағы бағаналар ұлттық нақышта безендірілді.

Ал, бүгінде халық көптеп жиналатын «Арбат-3» пен Жастар аллеясына «Жұлдызды аспан», «Қызғалдақ» аркалары қойылды.

Айта кетерлігі, «Дизайн кодқа» сәйкес түнгі безендіру жұмыстары қыстыгүні де өзіндік ерекшелігімен жүргізілмек.