Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА 2 АУЫЛДЫҚ ОКРУГТІҢ ӘКІМІ САЙЛАНАДЫ

Бүгін Жамбыл облысы, Т.Рысқұлов ауданы Луговой және Ақбұлақ ауылдық округтерінде ауыләкімдерінің сайлауы өтуде.

Сайлауға қатысуға жалпы 5 кандидат өтініш білдірген. Оның 4-і өзін-өзі ұсыну жолымен, 1кандидат «Nur Otan» партиясынан ұсынылып отыр.

 

 

Аталған екі ауылдық округте 6 сайлау учаскесінде жалпы 8528 дауыс беруші бар. Оның 6406-ы Луговой ауылдық округінде болса, қалған 2122-і Ақбұлақ ауылдық округінде.

Айта кететіні, сайлау барлық санитарлық нормаларға сәйкес өтуде. Комиссия мүшелері толық вакцинадан өткен. Ал дауыс берушілерге арнап облыстық Бас санитардың қаулысына сәйкес барлық санитарлық құрал-жабдықтармен жабдықталған.

 

 

Қазіргі таңда аталған ауылдық округтерде ауыл әкімдерінің сайлауы өз дәрежесінде жалғасуда. Ауыл тұрғындары бұл саяси науқанға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасауда.

 Тастанбек Мөлдір

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы