Түркістанда 500 орындық мәдениет үйі ашылды

 

Түбі бір түркінің мақтанышына айналған Түркістан қаласында тағы бір мәдени ошақ көпшілікке қызмет көрсетеді. 500 орындық көрермен залы бар, заманауи талаптарға сай салынған көпфункционалды мәдениет үйі Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы аясында пайдалануға берілді. Салтанатты ашылу рәсіміне эстрада жұлдыздарының қатысуымен өткізу үшін арнайы концерттік бағдарлама да әзірленген. Елімізге белгілі Жұбаныш Жексенұлы, Асқар Жүнісбеков сынды әншілер, театр және кино актрисасы Салтанат Бақаева, сонымен қатар Түркістан қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары өнер көрсетіп, көптің алғысына бөленді. Қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Жаңа нысанның ашылуына облыс әкімі Нұралхан Көшеров, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер мен тұрғындар қатысты. Өңір басшысы түркістандықтарды Конституция күнімен және жаңа мәдени нысанның ашылуымен құттықтап, ақжарма тілегін жеткізді. «Түркістан – қазақ руханиятының алтын бесігі, тарих пен мәдениеттің мәңгілік ордасы. Осында жаңа Мәдениет үйінің бой көтеруі – халықтың рухани өмірін жаңғыртып, талантты жастарымыздың қанатын кеңге жаюына, мәдени мұрамызды дәріптеуге зор үлес қосады. Бұл игі іс – Мемлекет басшысының Түркістанды түлету жолындағы стратегиялық бастамаларының лайықты жалғасы» деді құттықтауында.

240 мыңнан аса халқы бар, киелі Түркістан қаласының мәдениет саласы жұмысының одан әрі дамуына, өсіп өркендеуіне жету мақсатында бой көтерді деуге болады. Түркістан қаласы әкімдігінің Құрылыс бөлімінің тапсырысы негізінде салынған мәдениет үйінде құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «Өмірзақ» ЖШС жүргізген. Құрылыс-монтаж жұмыстары мен ғимаратта әрлеу, абаттандыру және ішкі инженерлік жүйелерді орнату жұмыстары толық аяқтаған. 1,13 гектар аумақты алып жатқан ғимаратта халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі байқаулар мен фестивальдер өткізіледі. Тәуке хан даңғылында орналасқан Мәдениет үйінің ғимаратын салуға арнайы қарастырылған жер аумағынан қазіргі заман талабына сай, заманауи үлгідегі кешенді тұрғындар асыға күткені рас. Қуана алғыстарын жеткізді. Ел игілігіне берілген мәдени нысанда бар жағдай қарастырылған. Бес жүз мың көрермен толығатын көркем-сурет галерея және музей залдары, Мәдениет ардагерлеріне арналған бөлме, хореграфия-фитнес, фотостудио, бәрі де қамтылған. Қалада ауқымды мәдени шаралардың өтуі, туристік қала ретінде қонақтардың көп келуі, халықаралық, республикалық, облыстық деңгейдегі байқаулар мен фестивалдердің ұйымдастырылуы, заманауи талапқа сай жабдықталған әдістемелік бөлмелер, халықтық атағы бар өнер ұжымдарының, оның ішінде халық театрларының, фольклорлық-халықтық ансамбльдердің және мәдениет үйі көркемөнерпаздарының дайындық жұмыстары жүргізілетін арнайы бөлмелер, іс-құжаттар сақтайтын мұрағат бөлмесі, театрландырылған қойылымға және әнші-өнерпаздарға қажетті грим салу бөлмесі, дыбыс күшейткіш аппаратуралар сақтайтын қоймалар, дыбыс жазу студиясының толық құрал-жабдықтармен қамтылған нұсқада болуы, ұлттық және сахналық костюмдер мен ұлттық аспаптарды сақтайтын бөлмелер, жабдықталған сахна театралды штангеттер және жарық беру құралдарымен қамтамасыз етілген.

Түркістан қаласы