“ӘЙЕЛ — ҮЙДІҢ КИЕСІ” ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНІП ЖҮРМІЗ?

Қазақта: «Ер — үйдің иесі, әйел — үйдің киесі» деген дана сөз бар.
Бірақ біз осының мәніне терең үңілдік пе?

Кие — жай ғана сұлулық не сыртқы сән емес қой!
Кие — береке, тыныштық, жылулық.

Әйел бар жерде үй жылынады, дастарқан толады, баланың жүрегі тынышталады.

Әйелдің көңілі болмаса — үйдің де берекесі қашады. Бұл менің байқағаным! Бұл жерде әйел деп ананы, жарды, келінді бірге алып айтып отырмын!

Психологтар айтады: үйдің эмоциялық атмосферасын 70%-ға әйел қалыптастырады.
Біздің қазақ “Қырық еркек толтыра алмаған үйді бір әйел толтырады демей ме?

Әйел шаршаса — үйден де маза қашады!

Әйел мейірімді болса — бәрі жайланып, тыныштық орнайды.

Бұл — киенің өмірдегі шынайы көрінісі.

Бұрын бабаларымыз отбасының осындай рухани жағына, киесіне, ырыс-құтына, берекесіне, ішіндегі тыныштығы мен балалардың қуанышына мән беретін.

Ал қазір батыстық тәрбие бізге үйленгенде, әйелдің түріне, сыртқы бітіміне қарауды, нәпсіні қанағаттандыру жағына мән беруді үйретіп жатыр!
Әлеуметтік желіні қосып қалсаң, тек әйелге емес, еркекке де таңнан кешке дейін төсек қуатын зарлап, қақсап насихаттап отыратындардан көз сүрінеді. Әттең-ай, жағдай солай!

Біздің жұрт үшін әйелдің отбасындағы рөлі дегенде — оның ар-ұяты, тазалығы, мінез-құлқы, ұстанымдары, қысқасын айтқанда, киесі маңызды!

Батысқа еліктейміз деп ең қымбат құндылықтарымыздан ажырап қалмайық.

Әйел — ұрпақтың анасы.
Ол өзімен бірге үйге Құдайдың мейірімін әкеледі.
Сондықтан халық «Әйел — киелі» деп бағалаған.

Сол үшін ер азамат:
• әйелінің көңілін көтерсе,
• қажуын байқаса,
• жүрегін жараламай, қолдау көрсетсе —
үйдің киесін сақтап қалады.

Ал әйел:
• өз нәзіктігін, мейірімін жоғалтпаса,
• сабыр мен арын қорғаса —
сол үйді періштелер қонатын берекелі мекенге айналдырады. Міне, қазақы отбасы деген осы емес пе?

👉 Сіз қалай ойлайсыз?
Әйелдің киесі бүгінгі отбасыларда сақталып жүр ме, әлде батыстық ықпал оны жойып бара жатыр ма? Отбасылық құндылықтарға қарық болғыңыз келсе, менің осы парақшама @asylbek_auezkhan жазылып алыңыз да, асықпай қарап шығыңыз! Жоғалтып алмаңыз!
Құрметпен, Асылбек Әуезханұлы
“ӘЙЕЛ — ҮЙДІҢ КИЕСІ” ДЕГЕНДІ ҚАЛАЙ ТҮСІНІП ЖҮРМІЗ?