Қасым Баһадүр Хан — көшпелі әлемнің соңғы императоры һәм интеграторы.
Қазақ тарихында Қасым ханның орны ерекше. Біз оны көбіне «қасқа жолымен» немесе «халқы миллионға жеткен хан» деп жаттанды тіркестер арқылы танимыз. Бірақ Қасым ханның тарихи бейнесі бұдан әлдеқайда ауқымды. Ол — Жошы ұлысын, Ұлық Ұлысты қайтадан тірілтіп, көшпелі дүниенің бірлігін соңғы рет орнатқан ұлы билеуші.
Қасым хан — жаңа Жошы емес, жаңа Шыңғысхан іспетті еді. Ол әулеттік тартыстардан шаршаған далаға тәртіп пен заң орнатты, бытыраған тайпаларды саяси тұтастыққа біріктірді. Мұхаммед Қайдар Дулатидің сөзімен айтқанда, оның соңынан ергендердің саны миллионға жетті. Бұл сан тек демографиялық көрсеткіш емес — Қасымның дәуірінде «қазақ» атауының бүкіл Дешті Қыпшаққа ортақ этносаяси атауға айналғанының айғағы.
Әскери салада Қасым ханның басты жетістігі — Шәйбани әулетін қазақ даласынан мүлдем ығыстыруы болды. Ол шәйбанилерді Сыр бойынан біржола қуып, Сығанақ, Түркістан, Сайрам сияқты қалаларды Қазақ хандығына басыбүтін қаратты. Сөйтіп, қазақ тарихында тағы да көшпелі өркениет пен отырықшы өркениеттің арасына әдеттегі экономикалық — саяси көпір орнатты
Билігі мен абыройы жөнінде
“Kásim Khán now brought the Dasht-i-Kipchák under his absolute control, in a manner that no one, with the exception of Juji Khán, had ever done before” —
(«Қасым хан Дешті-Қыпшақты толық билігіне қаратты; мұндай дәрежеге Жошыдан кейін ешкім жетпеген.») — деп жазады Мырза Қайдар Дулати (ebooks.rahnuma.org).
/Жалпы, қазақ тарихына байланысты деректерді орысша аудармалардан емес, ағылшын тіліндегі деректерден алған жөн. Сайрам мен Ташкент маңындағы жорықтар туралы мынадай цитата:
“[He] accepted the town [of Sairám]… then marched on Taráz… Kásim Khán then set out with a countless army for Táshkand…”
(«Сайрамды қабылдап алды… содан соң Таразға жүрді… Қасым хан сансыз қолмен Ташкентке беттеді…»)
ebooks.rahnuma.org
Дипломатияда Қасым хан тек көршілес ордалармен емес, ірі мемлекеттермен де қатынас орнатты. Оның тұсында Қазақ хандығымен өрлеп келе жатқан Мәскеу байланысқа шықты, ол өзі Осман империясымен, сондай-ақ «қызылбастар» атанған Сафавидтер мемлекетімен байланыстар орнатқаны белгілі. Бұл Қазақ хандығын аймақтық күш қана емес, халықаралық саясаттың дербес ойыншысына айналдырды.
Заң саласында «Қасым ханның қасқа жолы» көшпелілердің ғасырлар бойғы әдет-ғұрып құқығын жүйелеп, оны мемлекеттік құрылымның тірегіне айналдырды. Бұл заң даладағы тәртіпті сақтап қана қойған жоқ, халықты ортақ құндылыққа біріктірді.
Касым хан ислам бейімділігінің қалыптасуына ықпал етуші ретінде танымал болды. Ол көптеген мешіттер мен мавзолейлердің, оның ішінде солтүстік Қазақстандағы нысандардың түзілуіне үлес қосты. Сондай-ақ, ол Индиядағы Ұлы Моғол империясының негізін қалаған Бабырмен тығыз байланыс орнатып, онымен Шәйбаниларға қарсы ортақ мүддеге ұйытқы бола білді.
Қасым хан — өз заманында тек қазақтың қуатты мемлекетің құрған билеуші ғана болған жоқ.
Ол көшпелі дүниенің соңғы Ұлы Императоры һәм Интеграторы, қазақ деген халықтың жаңадан саяси-этникалық іргетасын қалыптастырған жаңа Шыңғысхан еді.

