Төрт жақсы мен төрт жаман.

Алтай Жақып қажы деген кісі:
«Құдайдан сегіз тілек тілеймін, төртеуін «Бер» деп тілеймін, төртеуін «Берме» деп тілеймін, -деген екен.
«Бер» деп тілейтін төрт тілегім:
— Әуелі Аллаһтан «Саулық бер»,- деп тілеймін.
— Екінші: «халық ішінде айтқаным қабыл болғандай аузыма әлһам бер»,- деймін.
— Үшіншіден: «өз сөзіме өзімді фатиһа сүре ахирет ойлап сөйлегендей ақыл бер,» — деп тілеймін.
— Төртінші: «екі дүниеме бірдей себепкер болғандай әйел бер!,» — деп тілеймін.
«Берме» дейтін төрт тілегім:
— Бірінші: «өзін зор тұтқан, ата-ананы қор тұтқан бала берме»,- деймін.
— Екінші:» басқан ізіңді аңдып, пәле салып отыратын туысқан мен көрші берме,»- деймін.
— Үшінші: «мехнаты көп, рахаты жоқ дәулет берме»,- деймін.
— Төртінші:» өзі білмейтін, айтқанға көнбейтін әйел берме!», -деп тілеймін.