ТІЛ — ДОСТЫҚТЫҢ ДӘНЕКЕРІ

Аудан әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі, облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасымен бірлесіп, аудан әкімдігінің мәжіліс залында «Тіл — достықтың дәнекері» атты этнос өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге аудандық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, мемлекеттік тілді жетік меңгерген белсенді жастар, Шыңбұлақ, Шақпақ, Б.Момышұлы ауылының тұрғындары, Б.Момышұлы шекарасының жауынгерлері, аудандық тілдерді оқыту бөлімшенің тыңдаушылары қатысты.
Мемлекеттік тіл cаясатын жүзеге асыру бағытындағы іс-шаралардың белсенді қатысушысы, әзірбайжан ұлтының өкілі Мамедова Эсмира Гашанқызы этнос жастарын мемлекеттік тілді жетік меңгеруге шақырды. Б.Момышұлы шекарасының барлаушысы, ұйғыр ұлтының өкілі Турдиев Ильхам ұлты басқа болса да, тілі қазақ, жаны қазақ екендігін айтып, қазақ еліне деген сүйіспеншілігі зор екендігін жеткізді. Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сейтхан Шерелханұлы Жұмашев этнос өкілдеріне ынтымағы жарасқан тәулсіз еліміздегі татулықты, бейбітшілікті сақтауға, мемлекеттік тілді меңгеруге шақырды.
Шара соңында мемлекеттік тілді жетік меңгерген этнос өкілдеріне басқарманың Алғысхаттары табыс етілді.

Жуалы ауданы